Бірлік селолық округіне қарасты Бірлік селосындағы "Утеринская" көшесінің атауын өзгерту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік селолық округі әкімінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 3 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 27 сәуірде N 4-8-185 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Бірлік селолық округіне қарасты Бірлік селосындағы "Утеринская" көшесінің атауы "Әмірғали Мұқашев" көшесі деп өзгертілсін.
      2. Шешім мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі            А. Аманғалиев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады