"Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 70 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы N 187 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 28 мамырда N 2027 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 57 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.02.24 № 57 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 70 (Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 – нөмірімен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 51 – нөмірінде 2009 жылғы 7 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулыққа:
      3-тармақтың 2 тармақшасы "жайларды" деген сөзден кейін "бір айдан аспайтын мерзімге" деген сөздермен толықтырылсын;
      18-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кепілдік жарна жалға берілетін объектінің бастапқы бағасынан 10 пайыз мөлшерінде есептеледі";
      Нұсқаулыққа 1-қосымша келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) облыстық коммуналдық білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру үшiн бiр шаршы метрге айына - 100 (жүз) теңге".
      2. Осы қаулы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Қ. Айтахановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А. Мырзахметов

      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          Б. Оспанов

      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Б. Жылқышиев

      Облыс әкімінің орынбасары                  Е. Айтаханов

      Облыс әкімінің орынбасары                  Б. Әлиев

      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә. Бектаев

      Облыс әкімінің орынбасары                  С. Қаныбеков

      Облыстық экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасының бастығы            Е. Садыр

      Облыстық қаржы басқармасының бастығы       Г. Морозова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады