Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 700 "Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі N 1113 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 тамызда N 14-1-118 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 наурыздағы № 244 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2011.03.05 № 244 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 700 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-1-95 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 22 мамырында "Шымкент келбеті" "Панорама Шымкента" газеттерінің 30 нөмірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 7-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жіберілетін адамдар үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатындардың жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган айқындайды".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Нарымбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А.Жетпісбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады