Ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 220 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 мамырда N 14-3-88 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау  қалалық мәслихатының 29.03.2013 № 84 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына, отын сатып алу үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек 1 тонна көмірдің бағасы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшiн отын сатып алуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Е. Аширов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады