Түркістан қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қарашадағы N 1101 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қарашада N 14-4-88 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 38 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан  қаласы әкімдігінің 2012.01.10 № 38 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының  "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк қорғау мақсатында қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Түркістан қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
      2. Түркістан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Арысбеков) осы қаулының 1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жолдамамен жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкiмiнiң орынбасары Ж.Ибрагимовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі:                                Қ.Молдасеитов  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады