Жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 1522 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 қаңтарда N 14-4-92 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімі аппаратының 2013 жылғы 04 ақпандағы № 10114/403 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімі аппаратының 04.02.2013 № 10114/403 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Ибрагимовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қала әкімі                                 Қ.Молдасеитов

Қала әкімдігінің 31 желтоқсандағы
2010 жылғы № 1522
қаулысымен бекітілген

      2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі 

р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылатын адам саны

1

2

3

4

1

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Қоғамдық жұмыстарды өткізуге, ұйымдастыруға көмектесу

24

2

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Көгалдандыру, көркейту жұмыстарына көмектесу

101

3

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Тұрғын үй –коммуналдық ұйымдарына көмектесу, құрылыс саласындағы мекемелерге көмектесу

94

4

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Аймақты экологиялық сауықтандыру, қөгалдандыру, ағаштар отырғызу, көріктендіру жұмыстарына көмектесу

86

5

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Әлеуметтік маңызы бар мәдени іс шараларды өткізуге және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

24

6

Қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Денсаулық сақтау, білім саласындағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

36

7

Қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Ішкі істер басқармасының, әділет басқармасының, әскери комиссариатының жұмыстарына көмектесу

44

8

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Шаруа қожалықтарды түгендеу жұмыстарына көмектесу

24

9

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты,қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Құжаттарды мұрағаттау жұмыстарына көмектесу

32

10

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Жылжымайтын мүлікті түгендеу жұмыстарына көмектесу

16

11

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты,қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Халықтан статистикалық және басқада мәліметтерді жинақтау жұмыстарына көмектесу

28

12

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты,қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Ауылдық округтерінің әкімі аппараттары, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

46

13

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты, қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Кітапханаларға кітаптарды түгендеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына көмектесу

12

14

Ауылдық округтерінің әкімі аппараты,қалалық халықпен жұмыс жүргізу бөлімдері, қала аумағындағы мекемелер мен ұйымдар

Мекеме ұжымдарға компьютерлік деректер қорын қалыптастыруға көмектесу

54

15

Барлығы:


620

      Ескерту: Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-ІV "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады