Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 263 "Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 226 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 шілдеде N 14-6-111 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 ақпандағы N 89 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 09.02.2011 N 89 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын iске асыру шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерiн және республикалық ұйымдарға бөлiнетiн қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 263 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-6-77 болып тіркелген, 2009 жылғы 05 маусымдағы «Қазығұрт тынысы» газетінің № 40 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 7-тармағы алынып тасталсын.
      2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады