Қақпақ ауыл округіне қарасты Қақпақ ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Қақпақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 19 қазандағы N 26 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қарашада N 14-6-121 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Қақпақ ауыл округіне қарасты:
      Қақпақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге: Қаракемер, Көктөбе, Дінмұхамед Қонаев, Таң, Келдібек ата, Бауыржан Момышұлы, Жамбыл Жабаев, Жастар, Төлеби, Ускенбай Омаров, Заңғар, Қазыбек би, Қақпақ, Ынтымақ, Бірлік, Абай Құнанбаев, Болашақ, Достық, Мектеп, Бастау атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Н.Әшірбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі                       Е.Исақұлов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады