Мақтарал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы N 889 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қарашада N 14-7-127 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 2347 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011.12.29 № 2347 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк қорғау мақсатында, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мақтарал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бiр пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
      2. Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.Жұрымбетов) осы қаулының 1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жолдамамен жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                С.О.Тұрбеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады