Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 536 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 қаңтарда N 14-8-99 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 474 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімінің 2012.02.06 № 474 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20 бабының 5 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі, осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Төлебаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш.Кенжеев      

Ордабасы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 536 қаулысымен бекітілген

      2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі 

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Саны, адам

1

Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

119

2

Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу

120

3

Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге көмектесуге

56

4

Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Аймақты экологиялық сауықтандыру, көріктендіру

154

5

Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесуге

66

6

Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі

«Тәртіп» пилоттық жобасы бойынша жұмысқа көмектесуге

25

7

Ауыл округі әкімдері аппараттары

Еңбек рыногының негізгі индикаторларын анықтауға көмектесу

10


БАРЛЫҒЫ:


550

      Ескерту: Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады