Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 206 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 сәуірде N 14-9-104 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы N 11 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011.01.06 N 11 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"  Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Ошақбаев Бақытжан
Қаратайұлы

- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);

Рахматулла Файзула
Рахматуллаұлы

- аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
комиссия төрағасының орынбасары (келісімі бойынша);

Бөлегенов Нұрлан Құрманұлы

- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісімі бойынша);

Орынбеков Жұмахан
Жүсіпханұлы

- аудандық емхананың дәрігері, дәрігер-медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);

Түкібай Сәбира

- аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

      3. Аудандық емхананың бас дәрігері (Ш.Құрманбекова-келісімі бойынша):
      1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босату және жұмыс орны мен лауазымын сақтау;
      2) әскери дәрігерлік комиссияны қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      3) дәрігерлік комиссиядан емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, анықталған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
      4) диспансерлік және амбулаториялық карта бойынша есепте тұратын, әскери қызметке шақырылуға жататын жастардың тізімін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын.
      Әскери дәрігерлік комиссияның жұмыс орны Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі болып белгіленсін.
      4. Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев-келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (А.Темірбеков):
      1) әскер қатарына шақыру учаскелеріндегі жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын;
      2) ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, әскер қатарына шақырылғандарды салтанатты шығарып салу шарасын ұйымдастырсын.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ.Жандарбеков-келісімі бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссияға жеткізілуін;
      2) әскери қызметке шақырылған азаматтардың облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Отырар электр жүйелеріне (С.Есболаев-келісімі бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы кезінде электр қуатының үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. «Мұқтар-Әлі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (директоры Ж.Әлиев-келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша техникалық ақаусыз автобустармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Сыздықов

      КЕЛІСІЛДІ

Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы

______________

-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы
«1» 04 2010 жыл

Жандарбеков Қажымұқан Әметұлы
_____________

-аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
«01» 04 2010 жыл

Бөлегенов Нұрлан Құрманұлы
 
 
_____________

-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары
«01» 04 2010 жыл

Құрманбекова Шахаризада Мамытқызы
______________

-аудандық емхананың бас дәрігері
«01» 04 2010 жыл

Есболаев Сәкен Досаевич

______________

-Отырар электр жүйелерінің бас энергетигі
«01» 04 2010 жыл

Әлиев Жаңабай Әметұлы
______________

-«Мұқтар-Әлі» ЖШС директоры
«01» 04 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады