Көшеге ат қою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігі Темір ауыл округі әкімінің 2010 жылғы 12 мамырдағы N 14 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 маусымда N 14-9-113 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы мамыр айындағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Темір ауылындағы М.Әлиев көшесі мен Б.Басов көшелерімен қиылысатын аты жоқ көшеге Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері  ауыл тұрғыны Ахмедияр Қазиев атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы Қ.Әбдіжалилге жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі                          Д.Иса  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады