№ 36 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына ІV сайланған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутатын сайлау өткізу кезеңінде үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 наурызда N 14-10-134 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 мамырдағы N 425 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010.05.25 N 425 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына сәйкес, үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), № 36 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына ІV сайланған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутатын сайлау өткізу кезеңінде үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қайнарбұлақ, Құтарыс, Көлкент және Тассай ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Әлі

      КЕЛІСІЛДІ:

      Сайрам аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы:             Қ.Б.Шадиева

      «9» наурыз 2010 жыл

Сайрам ауданы әкімдігінің
9 наурыз 2010 жылғы
№ 217 қаулысына қосымша

      № 36 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына ІV сайланған Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар тізімі

      Қайнарбұлақ ауыл округі бойынша:

      1. Қайнарбұлақ ауылындағы Бөлешов көшесі, «Қайнарбұлақ» орта мектебінің ауласы;
      2. Құрлық ауылы, Жұмабаев көшесі, Қауалов орта мектебінің ғимараты;
      3. Шіркін ауылы, А.Төлегенов көшесі, № 52 М.Өзтүрік орта мектебінің ауласы;
      4. Әсіл ауылы, С.Сейфуллин көшесі, Ш.Уалиханов мектебінің ауласы;
      5. Көмешбұлақ ауылы, Сарманов көшесі, Тіленшин мектебінің ауласы;
      6. Таскешу ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, Тілендиев мектебінің ауласы;
      7. Сарыарық ауылы, Шалабайұлы көшесі, Әбдібеков мектебінің ауласы.

      Құтарыс ауыл округі бойынша:

      8. Құтарыс ауылы, Абай және Спатаев көшелерінің қиылысы;
      9. Ақарыс ауылы, Тәжітаев көшесі, Бәйдібек мектебінің ауласы;
      10. Оймауыт ауылы, Жамбыл көшесі, Төлеби негізгі мектебінің ауласы.

      Көлкент ауыл округі бойынша:

      11. Ақсуабад ауылы, Рүстемов көшесі, М.Қашқари орта мектебінің ауласы;
      12. М.Оразалиев ауылы, Абай көшесінде орналасқан ауыл клубының ғимараты;
      13. Теспе ауылы, Жандарбеков көшесінде орналасқан амбулаторлық пункттің ғимараты;
      14. Ханқорған ауылы, Уәлиханов көшесі, Мадани мектебінің ауласы;
      15. Көлкент ауылы, Түркістан көшесі, Ә.Навои мектебінің ауласы;
      16. Шапырашты ауылы, Ақтан ата көшесі, Қарасай батыр орта мектептің ауласы.

      Тассай ауыл округі бойынша:

      17. Тассай ауылы, Валиханов көшесі, № 2 жатақхананың ғимараты;
      18. Таскен ауылы, Бабашұлы көшесі, № 46 Оразбай би мектебінің ауласы;
      19. Достық ауылы, Абдиров көшесі, № 102 мектептің ауласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады