Манкент ауыл округіне қарасты Манкент және Аққала ауылдарының шегін өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 29-281/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 наурыздағы N 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 14-10-136 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Манкент ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 202,05 гектар жер телімі алынып, оның ішінде 173,37 гектар жер телімі Манкент ауылының, 28,68 гектар жер телімі Аққала ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 202,05 гектар жер телімі қосылып, Манкент және Аққала ауылдарының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А.Хасанов

      Аудан әкімі                                М.Әлі

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т.Тулендиев
 
 

      
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады