№ 31 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына IV сайланған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутатын сайлау өткізу кезеңінде үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 802 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 24 қыркүйекте N 14-10-148 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 1175 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010.12.29 N 1175 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына сәйкес, үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), № 31 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына IV сайланған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутатын сайлау өткізу кезеңінде үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ақсукент, Манкент және Жібек жолы ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Сайрам аудандық аумақтық
      сайлау комиссияның төрайымы:               Қ.Б.Шадиева
      «15» қыркүйек 2010 жыл

Сайрам ауданы әкімдігінің
15 қыркүйек 2010 жылғы
№ 802 қаулысына қосымша

      № 31 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына IV сайланған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар тізімі

      Ақсукент ауыл округі бойынша

      1. Ақсукент ауылы, «Мәртөбе» алаңы;
      2. Ақсукент ауылы, Мавланов көшесі, «Айша бибі атындағы негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      3. Ақсукент ауылы, Құрбанов көшесі, «№ 61 Г.Титов атындағы негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      4. Ақсукент ауылы, Қыстаубаев көшесі, «№ 47 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      5. Ақсукент ауылы, Сұраншы Батыр көшесі, «№ 94 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      6. Ақсукент ауылы, Байтұрсынов көшесі, «№ 5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      7. Ақсукент ауылы, Иманалиев көшесі, «№ 7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      8. Ақсукент ауылы, Шахабиддин көшесі, «№ 82 Б.Наметов атындағы негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      9. Ақсукент ауылы, «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауласы;
      10. Ақсукент ауылы, Сұраншы батыр көшесі, Ш.Қалдаяқов атындағы ауыл клубының ғимаратының алды;
      11. Ақсукент ауылы, Сұраншы батыр көшесі, «№ 97 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы.

      Манкент ауыл округі бойынша

      12. Манкент ауылы, О.Құрбаналиев көшесі, «№ 45 «1-Май» негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      13. Манкент ауылы, Бірлік көшесі, «№ 64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      14. Манкент ауылы, О.Құрбаналиев көшесі, «Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы.

      Жібек жолы ауыл округі бойынша

      15. Жібек жолы ауылы, Абылайхан көшесі, «Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      16. Машат ауылы, Школьная көшесі, «№ 80 «Машат» негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы;
      17. Сихым ауылы, Мұсабеков көшесі, «№ 47 Амангелді атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ауласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады