Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігі Жылға ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 13 шілдедегі N 12 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 тамызда N 14-11-144 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Жылға ауылдық округі Жылға елді мекеніндегі «Нефтебаза» көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жылға ауылдық округі Жылға елді мекеніндегі «Нефтебаза» көшесі «Жанықұлов Серікбай» атауына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары С.Алтынбековке жүктелсін.
     3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Ауылдық округ әкімі                        Б.Сапарбаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады