2010 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 4 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қаңтарда N 14-14-96 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2011 жылғы 24 мамырдағы N 174/02 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2011.05.24 N 174/02 хатымен.

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сарманов

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 10 қаңтардағы
№ 4 қаулысына қосымша

      2010 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі      

Р/с

Ұйымдардың тізбесі Жұмыстардың түрлері Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

1

2

3

4

1

Ауылдық округі және поселке әкімдері аппараттары, мемлекеттік мекемелер

Аудандық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

25

2

Ауылдық округ және поселке әкімі аппараттары

Жол құрылысы және оларды жөндеу

20

3

Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары, коммуналдық су шаруашылығы мекемелері

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, суғару

100

4

Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары,мемлекеттік мекемелер

«Халық жасақшылары» «Құқық тәртібі» жобаларын іске асыру

30

5

Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары, мектептер мәдениет саласы

Әлеуметтік,мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге қатысу, «Мектепке қамқорлық», «Кітапқа екінші өмір беру» жобалар

40

6

Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары, коммуналдық қызметпен айналысатын мемлекеттік мекемелер

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

45

7

Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары, коммуналдық қызметпен айналысатын мемлекеттік мекемелер

Аудан бойынша экологиялық сауықтыру, көріктендіру

215

8

Ауылдық округ және поселке әкімдері аппараттары

Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтауға жәрдемдесу

15


Барлығы
490

      Ескерту: Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1-6 ай.
      Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгертілуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады