Көшелердің атын өзгерту және көшеге ат қою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Састөбе поселкесі әкімінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі N 44 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қыркүйекте N 14-14-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Састөбе поселкесіндегі «50 лет Казахстана» көшесінің аты Тәуелсіздік, «Юбилейная» көшесінің аты Астана, «переулок Шоферская» көшесінің аты Мұстафа Шоқай, «Новый микрорайон» көшесінің аты Жаңа мөлтек ауданы, «Майская» көшесінің аты 1 Мамыр, «60 лет Октября» көшесінің аты Әлия Молдағұлова, «8 март» көшесінің аты 8 наурыз, «Набережная» көшесінің аты Сазтөбе, «Нижняя» көшесінің аты Күләш Байсейітова, «Школьная» көшесінің аты Ғани Мұратбаев, «Родниковская» көшесінің аты Жыланды бұлақ, «Спартак» көшесінің аты Қажымұқан, «Заготзерно» көшесінің аты Қыпшақбай Назарымбетов, «Крупская» көшесінің аты Оңғарұлы Оспан көшесі деп өзгертілсін.
      2. Түлкібас ауданы, Ынтымақ ауылындағы атауы жоқ көшеге Мамыров Сейділданың аты қойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Поселке әкімі                              К.Джаксылыков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады