Көшелердің атын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Састөбе поселкесі әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 55 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда N 14-14-138 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Түлкібас ауданы Састөбе поселкесіндегі "Дзержинский" көшесінің аты Түймебек Аймбетов, "Космонавтов" көшесінің аты Ғарышкер, "Грозный" көшесінің аты Шәмші Қалдаяқов көшесі деп өзгертілсін.
      2. Түлкібас ауданы Ынтымақ ауылындағы "Нефтебаза" көшесінің аты Тұрмат Бейсембаев, "Привокзальная" көшесінің аты Алиасқар Қалиев көшесі деп өзгертілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Поселке әкімі К.Джаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады