Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қазандағы N 37-281-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 желтоқсанда N 14-15-105 тіркелді. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы N 2-11-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012.02.24 N 2-11-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1-тармағы 15-тармақшасына, Шардара ауданы әкімдігінің "Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 26 шілдедегі № 473 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шардара ауданы көлеміндегі елді мекендердің  түзету коэффициенттері және аймақтардың шекаралары төмендегідей аймақтарға бөлінеді:
      1) Шардара қаласы бойынша:
      1-ші аймаққа - орталық базар аумағы. Төле би көшесінің сол жаққа бұрылысындағы аялдамаға, Н.Төреқұлов көшесінің орталық базарға кіре берісіндегі қақпаға дейінгі, саз мектебі мен шекаралас аумақтары қоса енгізіле отырып, түзету коэффициенті – 1,0 болып;
      2-ші аймаққа - кіші автобекет аумағы. Төле би көшесінің Шардара су бөгетіне дейінгі, көшенің екі жақ беті, осы аумақ кіші автобекет аумағына барып тірелгенге дейінгі, аймақтың түзету коэффициенті – 0,75 болып;
      3-ші аймаққа - қала аумағындағы қалған аймақтар енгізіліп, түзету коэффициенті – 0,5 болып бекітілсін.
      2. Аудан көлеміндегі ауылдық округтері елді-мекендерінің түзету коэффициенті – 0,6 болып  бекітілсін.
      3. «Шардара ауданының елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Шардара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 сәуірдегі № 5-26-ІІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1265 тіркелген, 2004 жылғы 2 шілдеде аудандық «Өскен өңір» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Т.Ағманұлы

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады