2011 жылға Өскемен қаласы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 9914 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қаңтарда № 5-1-157 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N Ин-5/2 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.01.04 N Ин-5/2 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға Өскемен қаласы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте үнемі күтімді, көмекті және қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды күтіп ұстайтын азаматтар;
      5) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл бұрын);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) аз қамтылғандар;
      11) мектептердің, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
      12) жазғы демалыс уақытындағы студенттер мен мектеп оқушылары;
      13) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның немесе жұмыс берушінің – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      14) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, оның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс істейтін тұлғалар;
      15) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы тұлғалар;
      16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      17) 50 жастан асқан әйелдер;
      18) 55 жастан асқан ерлер.
      2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен қаласының әкімі                    И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады