Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі N 24/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 тамызда N 5-7-83 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 сәуірдегі N 2/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012.04.06 N 2/5-V (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымша беріліп отырған Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі бекітілсін.
      2. «Жеке санаттағы азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесі туралы» 2005 жылғы 3 маусымдағы № 11-12 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-7-1 нөмірімен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінің 2005 жылғы 30 шілдеде № 28 санында жарияланған) шешімінің, «Жеке санаттағы азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесі туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 3 маусымдағы № 11-12 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 20 шілдедегі № 27-10 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-7-41 нөмірімен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінің 2007 жылғы 8 қыркүйегінде № 34 санында жарияланған) шешімінің, «Жеке санаттағы азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесі туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 3 маусымдағы № 11-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 3/11-ІV (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-7-47 нөмірімен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінің 2008 жылғы 19 қаңтарда № 3 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                               Ю. СЛОНИЦКИЙ
      
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы:                             Ж. МАРАЛОВ

      Бесқарағай ауданында аз қамтылған отбасыларға
      (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Ережесі

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес дайындалып, тұрғын үй көмегінің көлемін және беру тәртібін анықтайды.
      2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 10% мөлшерінде белгіленеді.
      3. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы мөлшері қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      5. Отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, жұмыс істемейтін, оқудың күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ, келесі тұлғаларды ескермеген жағдайда:
      - елу жастан асқан тұлғалар;
      - І, ІІ топтағы мүгедектерге күтім жасайтын тұлғалар;
      - 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын тұлғалар;
      - 18 жасқа дейінгі жастағы мүгедек балаларды, 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтын тұлғалар.
      6. Жеке меншігінде тұрғын үйдің бір бірлігінен асатын үйі бар немесе тұрғын үйін жалға беретін (жалдайтын) тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      7. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет беріледі. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініштер тоқсан бойы қабылданады.
      Электрмен, газбен қамтамасыз етуге, байланыс қызметтеріне, тұрғын үйді ұстауға арналған шығындар көрсетілген түбіртек-шоттарға сәйкес нақты шығындар бойынша қабылданады. Жылумен, сумен қамтамасыз ету бойынша арналған шығындар қызмет көрсетушілердің бағалары бойынша қабылданады.
      Жұмыссыздық мәртебесі бар азаматтар үшін тұрғын үй көмегі уәкілетті органда тіркелген айдан бастап көрсетіледі.
      Пеш арқылы жылытылатын жеке құрылыс үйлерінде тұратын отбасылар үшін тұрғын үй көмегін алуға арналған құжаттар жылына бір рет беріледі.
      8. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініш тоқсан бойы тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мамандармен көзделген кестеге сәйкес қабылданады.
      Сонымен қатар коммуналдық қызметтердің және байланыс қызметтерінің өткен тоқсандағы төлемақысы туралы түбіртек және отбасының кірісі туралы анықтаманы ұсынады. Өткен тоқсанға коммуналдық қызметтер төленбеген немесе жартылай төленген жағдайда отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Тұрғын үй көмегін алу үшін бірінші рет келіп тұрған және өтінген кезде коммуналдық қызметтері және байланыс қызметтері үшін төлемі бойынша берешектері бар отбасыларына, қызмет көрсететіндердің тарифтері бойынша, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті органға өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      10. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттарды, коммуналдық қызметтер жөніндегі анықтамаларды әр тоқсан сайын тапсырады.
      11. Тапсырылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша үй иегерінен отбасына өтініш толтырылады. Өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан келіп отырған тұлғаның және уәкілетті орган өкілінің қолы қойылады.
      12. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
      13. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      Толық емес айға тұрғын үй көмегін алу құқығы туындаған кезде, тұрғын үй көмегі сол айдан кейінгі айдан бастап тағайындалады.
      14. Тұрғын үй көмегін қайта алуға өтініш берсе ағымдағы тоқсанда ұсынылған құжаттардың уақытына қарамастан тоқсанға тағайындалады.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез-келген өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

      3. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін әлеуметтік норма және нормативтер

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі нормалар есептелінеді:
      1) көлем нормалары:
      жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға – 30 шаршы метр;
      2 адамнан тұратын отбасына – 30 шаршы метр;
      3 және одан артық адамнан тұратын отбасына (әр адамға) – 18 шаршы метр;
      2) газды шығындау нормасы айына 1 адамға – 5,5 кг;
      3) электр қуатын тұтыну нормалары:
      1 адам тұрса – 72 кВт;
      2 адам тұрса – 114 кВт;
      3 және одан артық адам тұрса (әрқайсысына) – 50 кВт;
      4) сумен жабдықтау:
      сутартқы құдығынан – айына бір адамға шаққанда 40 теңге;
      су құбыры бар пәтерлерде – айына бір адамға шаққанда 65 теңге.

      4. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік
      үй-жайларда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына
      (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      17. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      18. Көмір құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
      19. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
      20. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
      21. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде отбасы сатып алған көмірдің бағасы мен мөлшерін растайтын (кассалық чек анықтама) түбіртектерді ұсынады.

      4. Отбасының жиынтық табысын есептеу

      22. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды тіркеу және құжаттау Ережелеріне сәйкес тіркелген отбасы құрамындағы тұлғаларды ескеру қажет. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының барлық мүшелерінің және осы мекенжай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      23. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде табыстың барлық түрлері есептеледі, мыналардан басқа:
      1) тұрғын үй көмегі және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) қайтыс болған адамдарды жерлеу және бала туғандағы біржолғы төлемдер;
      3) ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақысы;
      4) атқарушы органдармен төленетін біржолғы материалдық көмек;
      5) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
      6) жеке ісін ашуға және (немесе) қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
      7) аудандық бюджет қаражатынан мереке күндеріне арналған материалдық көмек;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасығы көрсетілген көмек;
      9) білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін тегін тамақ және көмек.
      24. Зейнеткерлер, мүгедектер, асыраушысынан айырылғандығы бойынша жәрдемақы алатын балалар, қамқоршылықтағы балалар кіретін отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін алу құқығын айқындаған және тұрғын үй көмегін есептеу кезінде табыс сол мерзімге белгіленген 2 айлық есептік көрсетікішке түзетіледі.
      25. Құрамында келісім негізінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындағанда жиынтық табыс ай сайынғы оқудың төлемінен кем болмауы тиіс.
      26. Есепті кезеңде бір тоқсаннан артық мерзімге тиесілі табысты біржолы алған ретте жиынтық табыста алынған табыстың барлық сомасы ескеріледі.
      27. Тұрғын үй сатылған жағдайда жәрдемақы келісім шарт жасалған айдан бастап төленбейді. Өткен тоқсанда тұрғын үй сатып алынған жағдайда табыстың мәлімделген сомасына жасалған мәміле мен табыс сомасының үш айға бөлінген айырмасы қосылады.
      28. Тұрғын үйді тағайындаған кезде есептеулерге келесі жағдайлар қабылданады:
      өтініш беруші заңды некеде бар және ерлі-зайыптылар жеке тұрған жағдайда екеуінің де табысы есептеледі және тұрғын үй көмегі оған өтініш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады;
      өтініш берушінің мекен-жайында 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайлар.
      29. Шаруа қожалығынан түскен табыс (үй жанындағы телім, бақшадан түскен табыстарды қоспағанда) бір бас ірі қара мал болған жағдайда тоқсанда 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, екі-үш бас ірі қара мал болған жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.

      5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      30. Тұрғын үй көмегі төлемдерінің қаржыландырылуы аудан бюджетінің тиісті қаржы жылына қаралған қаражаты шегінде жүргізіледі.
      31. Күрделі жөндеу жүргізуге арналған төлемдерді қаржыландыру кондоминиумның әр объектісіне ашылған жеке жинақтау шоты бойынша жүргізіледі.
      32. Тұрғын үй көмектерін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады