Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 656 "Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы N 692 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 мамырда N 5-8-114 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы N 919 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011.03.25 N 919 қаулысымен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 656 «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2010 жылғы 11 мамырда № 5-8-112 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 22 (22) санында және аудандық «Пульс района» газетінің 14 мамырдағы № 22 (6342) санында жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
      5-тармақтың 6-тармақшасындағы «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 14 сәуірде № 3560 тіркелген, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығына сәйкес шақыру учаскесін медициналық құралдармен, медициналық жабдықпен қамтамасыз ету» деген сөйлем алынып тасталсын.
      5-тармақтың 6-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын «Шақыру учаскесін медициналық құралдармен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету».
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                       Т. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады