Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру шеңберінде халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан қорғау шаралары туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 мамырдағы N 650 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 29 маусымда N 5-9-133 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012.02.27 N 81 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5718-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 58 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» № 259 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту жолдары арқылы аумақтық жұмыспен қамту шеңберінде тұрғындар арасындағы нысаналы топтардағы азаматтарды (бұдан әрі-Қатысушы) жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қолдансын:
      1) кәсіби лицейлердің, орташа-арнайы және жоғары оқу орындарының түлектерінен жұмыссыз жастарды;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарына.
      2. Жұмыспен қамту келесі өлшемдер бойынша іске асырылсын:
      1) Қатысушыларды іріктеу кезінде олар үшін лайықты жұмыс болмауы;
      2) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
      3. Жұмыспен қамту меншік түрлеріне қарамай ұйымдарда жұмыс берушілер мен Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында жасалған келісімшарт негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
      4. Жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс берушілер мен Қатысушылар арасындағы келісім шартпен белгіленеді.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған Қатысушылардың еңбек ақысы 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен айлық аударымдардан және жұмыс беруші есебінен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбек ақыдан кем емес мөлшерден құралады. Қаражат республикалық бюджеттен ұйымдардың есеп шоттарына аударылады.
      6. Кәсіби лицейлердің, орташа-арнайы және жоғары оқу орындарының жұмыссыз түлектерінің еңбекақысы міндетті зейнетақылық жарналарды және жеке табыс салығын бірге есептегенде республикалық бюджеттен 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде төленеді.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған Жұмыс берушілердің іріктеуі кезекпен ресми берілген ұсыныстарға сай жасалады.
      8. Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 05 маусымдағы № 187 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 маусымда № 5-9-106 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 24 санында жарияланған), 2010 жылғы 19 ақпандағы № 488 «2009 жылғы 5 маусымдағы № 187 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 наурызда № 5-9-127 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2010 жылғы 26 наурызда № 14 санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.
      10. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін қолданысқа еңгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтарынан туындаған қарым-қатынастарға таратылады.

      Глубокое ауданының әкімі                   В. Кошелев

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости

Постановление Глубоковского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 28 мая 2010 года N 650. Зарегистрировано управлением юстиции Глубоковского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 29 июня 2010 года за N 5-9-133. Утратило силу - постановлением Глубоковского районного акимата ВКО от 27 февраля 2012 года N 81

      Сноска. Утратило силу - постановлением Глубоковского районного акимата ВКО от 27.02.2012 N 81.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с подпунктами 13)14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 5718-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», статьями 58 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года «О государственной молодежной политике в Республике Казахстан», постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 259 «Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов и целевых трансфертов на развитие областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы и средств, выделяемых республиканским организациям в рамках реализации стратегии региональной занятости и переподготовки кадров», Глубоковский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять меры по трудоустройству граждан из целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости (далее-Участники) путем трудоустройства:
      1) безработной молодежи из числа выпускников профессиональных лицеев, средне-специальных и высшых учебных заведений.
      2) на социальные рабочие места.
      2. Трудоустройство осуществлять по следующим критериям:
      1) отсутствие в период подбора Участников подходящей для них работы;
      2) срок работы до 6 месяцев.
      3. Трудоустройство организовывается и проводится в организациях независимо от форм собственности (далее-Работодатели) на основе договора работодателей с ГУ "Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района".
      4. Условия труда определяются трудовым договором, заключенным между Работодателями и Участниками, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.
      5. Оплата труда Участников, принятых на социальные рабочие места состоит из ежемесячных отчислений из республиканского бюджета в размере 20000 (двадцать тысяч) тенге в месяц и за счет работодателя в размере не менее минимальной заработной платы, установленной на соответствующий финансовый год. Средства из республиканского бюджета направляются на расчетные счета организаций.
      6. Оплата труда безработной молодежи из числа выпускников профессиональных лицеев, средне-специальных и высшых учебных заведений осуществляется из республиканского бюджета в размере 20 000 (двадцать тысяч) тенге включая обязательные пенсионные взносы и индивидуальный подоходный налог.
      7. Отбор Работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, производится в порядке очередности, по мере поступления официальных предложений.
      8. Постановления Глубоковского районного акимата от 05 июня 2009 года № 187 «Об организации социальных рабочих мест», (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 10 июня 2009 года № 5-9-106, опубликованное в районной газете «Огни Прииртышья» от 12 июня 2009 года № 24), от 19 февраля 2010 года № 488 «О внесении изменения в постановление от 5 июня 2009 года № 187 «Об организации социальных рабочих мест», (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 17 марта 2010 года № 5-9-127, опубликованное в районной газете «Огни Прииртышья» от 26 марта 2010 года № 14) признать утратившими силу.
      9. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Глубоковского района Пономареву М.Н.
      10. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2010 года.

      Аким Глубоковского района                   В. Кошелев