Зайсан қаласындағы Ю. Гагарин атындағы көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 мамырдағы N 21-3 шешімі, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 1300 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 28 маусымда N 5-11-117 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 5-1)-тармақшасына, ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 25 мамырдағы № 1 қорытындысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зайсан қаласындағы «Ю. Гагарин» атындағы көше «Нұрлан Мәукенұлы» атындағы көше деп атауы өзгертілсін.
      2. Көшенің атауын өзгертуге байланысты тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу Зайсан қала әкіміне міндеттелсін.
      3. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Ә. Мұхтарханов

      Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы                  Б. Қошпанов

      Аудандық мәслихат хатшысы        Н. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады