Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 51 "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2010 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 2917 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 24 желтоқсанда № 7-1-199 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 3055 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.12.23 № 3055 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2010 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 51 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-175 тіркелген, 2010 жылы 11 ақпандағы "Жайық үні" газетінде N 6 жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшасы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі" мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8 жолмен толықтырылсын:
      "8  Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған тұлғалар".
      2. Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қазандағы N 2572 "Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 51 "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2010 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы бұзылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қарашадан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі                       С. Оразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады