Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 127 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 14 мамырда N 7-2-91 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 ақпандағы N 42 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2011.02.07 N 42 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 18-1 баптарын басшылыққа алу негізінде аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік жөніндегі сараптау кеңесінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 1, N 2 хаттамалы шешімі мен қорытындысына сәйкес, халықтың нысаналы топтары үшін, аудан ұйымдары мен мекеме, кәсіпорындардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан бойынша 2010 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (уәкілетті орган) заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген және аудан аумағында әрекет ететін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жеке және заңды тұлғалармен (жұмыс берушілер) жасалатын шарт негізінде жүзеге асырсын.
      3. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                      А. Иманғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады