Бөкей ордасы ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 92 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 14 маусымда N 7-4-109 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012.03.30 N 55 Қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөкей ордасы ауданы көлемінде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Бөкей ордасы ауданы көлемінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары құрылсын.
      3. Ауылдық округі әкімдері жеке кәсіпкерлікті, шағын жіне орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің "Бөкей ордасы ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы" 2008 жылғы 18 тамыздағы N 212 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-4-71 тіркелген, 2008 жылғы 11 қазандағы N 41 "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Карин

      КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Бөкей ордасы
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры_____________Ғаббас Әділгерей Уалиұлы
04.05.2010 ж.
      "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Бөкей ордасы
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________Уалиев Лауаз Жеңісұлы
12.05.2010 ж.

  Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 28 сәуірдегі
N 92 қаулысына
ҚОСЫМША

Бөкей ордасы ауданы көлемінде мүгедектерді
жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындар
тізімі

1.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2.
"А. Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі;
3.
"Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4.
"Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5.
"Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
6.
"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
7.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
8.
"Т. Масин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
9.
"Ш. Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі;
10.
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің "Орда" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы).

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады