2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы N 110 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 10 маусымда N 7-8-111 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 ақпандағы N 16 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 10.02.2011 N 16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 23 баптарын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 санды Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 15 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 наурыздағы N 960 санды Жарлығын іске асыру туралы" N 313 санды қаулысын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы және оның құрамында аудандық медициналық комиссия 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.

      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қарай қажетті қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.

      6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің Казталов ауданының "Казталов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің "Казталов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):

      1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжрибелі дәрігер – мамандар, медбикелер бөлу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімді медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз ету;

      2) шақыру комиссиялары емдеу мекемелеріне жіберген шақырылушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткізу;

      3) осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орын бөлу ұсынылсын.

      7. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша):

      1) шақыру пунктінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету;

      2) шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы топ құру ұсынылсын.

      8. Аудандық қаржы бөліміне азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды әскери бөлімге алдыру жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға аудандық бюджеттен қаралған ақша қаражатын бөлсін.

      9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша):

      1) шақырудың барысы туралы аудан әкіміне дер кезінде мәлімдеп отыру;

      2) қорытынды ақпаратты 2010 жылдың 30 шілдесіне және 2010 жылдың 27 желтоқсанына тапсыру ұсынылсын.

      10. Осы қаулы 2010 жылғы 15 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      11. Осы қаулының орындау барысы аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Е. Қалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
Казталов аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы
_____________Бисенов Бектас Бересұлы

      Казталов аудандық
қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
_____________Кабиров Ерлан Рысқалиұлы

      Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
департаментінің Казталов
ауданының "Казталов
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорын
директорының м.а.
_____________Курматова Қалима Карпанқызы

      Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
департаментінің "Казталов
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны директоры
_____________Рабаев Есенглді Байзоллаұлы

  Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 17 мамырдағы
N 110 қаулысына N 1 қосымша

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

      1. Кабиров Ерлан Рысқалиұлы – аудандық қорғаныс

       істері жөніндегі бөлім

       бастығы, комиссия

       төрағасы (келісім

       бойынша)

       2. Өміралиев Қайыржан – комиссия төрағасының

       Мақсотұлы орынбасары, аудан әкімі

       аппаратының ұйымдастыру

       және кадрлармен жұмыс

       бөлімінің меңгерушісі

Комиссия мүшелері:

       1. Ғұмарова Ботакөз – аудандық аурухана

       Төлеуғалиқызы дәрігері, медициналық

       комиссия төрағасы

       (келісім бойынша)

       2. Ғаббасов Сағат Беққалиұлы – аудандық ішкі істер

       бөлімі бастығының

       орынбасары (келісім

       бойынша)

       3. Қуанышева Нұржамал – медбике, комиссия

       Ишанқызы хатшысы (келісім

       бойынша)

Комиссияның резервтік құрамы:

       1. Ахонов Арман – аудандық қорғаныс істері

       Жәрдемғалиұлы жөніндегі бөлімінің

       бөлімше бастығы,

       комиссия төрағасы

       (келісім бойынша)

       2. Керешов Айбек Асылбекұлы – аудан әкімі аппаратының

       бас маманы комиссия

       төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

       1. Сапахова Гүлнар – жасөспірімдер дәрігері,

       Мутиғоллақызы комиссия төрайымы

       (келісім бойынша)

       2. Ғаббасов Данияр Ғаниұлы – аудандық ішкі істер

       бөлімінің уақытша ұстау

       изоляторы бастығының

       орынбасары (келісім

       бойынша)

      . Ищанова Гүлнар Қабайқызы – комиссия хатшысы, медбике

       (келісім бойынша)

Аудандық медициналық комиссия құрамы

      Медициналық комиссясының төрағасы, дәрігер

      дәрігер-мамандар:

      хирург

      көз дәрігері

      нарколог

      невропатолог

      тері венеролог

      дерматолог

      рентгенолог

      тіс дәрігері

      отоларинголог

      терапевт

      психиатр

      орта буын медицина қызметкерлері:

      көз дәрігерінің медбикесі

      нарколог дәрігерінің медбикесі

      невропатолог дәрігерінің медбикесі

      дерматолог дәрігерінің медбикесі

      рентгенолог дәрігерінің медбикесі

      тіс дәрігері дәрігерінің медбикесі

      отоларинголог дәрігерінің медбикесі

      терапевт дәрігерінің медбикесі

      психиатр дәрігерінің медбикесі

      медбикесі

  Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 17 мамырдағы
N 110 қаулысына N 2 қосымша

Шығару жасындағы азаматтарды 2010 жылғы
көктемде және күзде кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

N р/с

"Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Комиссияның жұмыс күндері

N р/с

"Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1
2
5
6
7
12
13
14
15



4
5
6
7
11
12
13
14
15




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады