Елтай ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 28 сәуірде N 7-10-82 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және ауылдық округ тұрғындары жиынының хаттамаларын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Тасқұдық және Алатау ауылдарына қосымшаға сәйкес көше атаулары берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Ауыл әкімі                             Т. Х. Габдуллин

Елтай ауылдық округі әкімінің
2010 жылғы 2 сәуірдегі
"Елтай ауылдық округіне
қарасты елді мекендердің
көшелеріне атаулар беру туралы"
N 5 шешіміне қосымша

      1. Тасқұдық ауылы бойынша көше атаулары:
      1. Николай Майданов
      2. Абай Құнанбаев
      3. Сырым Датұлы
      4. Мұхтар Әуезов
      5. Тұрар Рысқұлов
      6. Бауыржан Момышұлы
      7. Маншук Маметова
      8. Жаңақұрылыс
      9. Сәкен Сейфуллин

      2. Алатау ауылы бойынша көше атаулары:
      1. Абылайхан
      2. Дінмұхаммед Қонаев
      3. Алатау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады