"Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 493 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 29 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда N 7-11-115 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылға 29 ақпандағы N 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.02.29 N 46 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы""Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 493 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-111 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 29 қаңтарда "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы төмендегі мазмұндағы 36 тармақпен толықтырылсын:
      "36. "Таскала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                     Ө. Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады