2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 152 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 18 маусымда № 7-12-91 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2011.02.11 № 50 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, 2010 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы №960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын және аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесі бекітілсін.
      4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
      1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде тәжірибелі дәрігер-мамандармен және медбикелермен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      2) шақыру кезеңіне арнап шақыру пункттерін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Теректі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру кезінде шақыру пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Селолық округтердің әкімдері:
      1) шақырушылардың шақыру пунктіне уақытында келуін;
      2) шақырушылардың мерзімді әскери қызметке жөнелту үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін ұйымдастырсын.
      7. "Теректі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды дер кезінде және сапалы өткізу үшін ақша қаражатының бөлінуін қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадыров Әділбек Жаныбекұлына жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 15 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                      А. Горобцов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________К. Ахметкалиев
      08.06.2010 Ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________А. Мищенко
      08.06.2010 ж.

      "Теректі аудандық ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Р. Өтемісов
      07.06.2010 ж.

      "Теректі ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін
      уақытша атқарушы
      _____________Д. Садыхов
      08.06.2010 ж.

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 8 маусымдағы
№ 152 қаулысына 1 қосымша

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:

      Садыхов Денис Арифович     - Теректі ауданының қорғаныс
                                   істері жөніндегі бөлімі
                                   бастығының міндетін
                                   атқарушы, әскерге шақыру
                                   комиссиясының төрағасы

      Қадыров Әділбек Жаныбекұлы - Теректі ауданы әкімінің
                                   орынбасары, әскерге шақыру
                                   комиссиясы төрағасының
                                   орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Жилгелдеев Берик Мажитұлы  - Теректі ауданының ішкі
                                   істер бөлімі бастығының
                                   орынбасары

      Утешов Мадияр Амангелдыұлы - дәрігер–хирург,
                                   медициналық–дәрігерлік
                                   комиссия төрағасы

      Кульмуханова Ақмарал       - медбике, комиссия хатшысы
      Рахимқызы

      Аудандық әскерге комиссиясының
(резервтік) құрамы:

      Нугманов Құрманбек         - Әскерге шақыру және
      Жумагельдиевич               келісім-шарт бойынша
                                   жинақтау бөлімшесінің
                                   бастығы, әскерге шақыру
                                   комиссиясының төрағасы

      Өтешев Рашид Құрманұлы     - Теректі ауданы әкімінің
                                   орынбасары, әскерге шақыру
                                   комиссиясы төрағасының
                                   орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Казинь Игорь Николаевич    - Теректі ауданының ішкі
                                   істер бөлімінің қызметкері

      Кубаев Бекзат Утегенович   - дәрігер–хирург,
                                   медициналық–дәрігерлік
                                   комиссия төрағасы

      Бурпиева Гүлнур            - медбике, комиссия хатшысы
      Ғабдулбариевна

Аудандық медициналық комиссия құрамы

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер;

      Дәрігер-мамандар:
      хирург
      көз дәрігері
      нарколог
      невропатолог
      дерматолог
      рентгенолог
      тіс дәрігері
      отоларинголог
      терапевт
      психиятр

      Медбикелер

Аудандық медициналық комиссиясының резервтік
құрамы:

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер;

      Дәрігер-мамандар:
      хирург
      көз дәрігері
      нарколог
      невропатолог
      дерматолог
      фтизиатор
      тіс дәрігері
      отоларинголог
      терапевт

      Медбикелер

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 8 маусымдағы
№ 152 қаулысына 2-қосымша

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу кестесі

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

жел-
тоқсан

1

"Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

16, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30

4, 5, 6, 7, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28, 31

1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30

1, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29

1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 66, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30

1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30, 31

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады