Шыңғырлау ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 тамыздағы № 31-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 10 қыркүйекте № 7-13-131 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 17-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 17-3 шешімімен

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" 97 бабы, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 Қаулысын басшылыққа алып және Шыңғырлау ауданының Әділет басқармасының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 3–2380 ұсынысына орай аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шыңғырлау ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Б. К. Нұржанов
      Мәслихат хатшысы                 М. Ж. Малтиев

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 31-8 шешімімен
бекітілген

Шыңғырлау ауданы бойынша аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде әзірленді.
      Осы Қағида меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен берілетін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиындық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиындық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын "Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар-кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.04.16 № 2-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.04.16 № 2-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады.
      Ол аудан аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
      4. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан бес пайыз мөлшерінде, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электрэнергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электроэнергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын елу пайыз мөлшерінде, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сонымен қатар телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 8-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      4-1). Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Шығындар өткен жартыжылдық бойынша толық көлемде көрсетілген қызметтерге есептеледі.
      Ескерту. Қағида 4-1 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 8-4;  өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 12.07.2013 № 14-2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.
      5. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 8-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган жүргізеді.
      7. Жеке меншігінде біреуден артық үйі (пәтерлері,үйлері) бар немесе тұрғын жайда жалға беруші тұлғаларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді. Күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтіп отырған, 3 жасқа дейінгі баланы бағып отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік–кеңестік комиссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды қоспағанда, зейнеткерлерден басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      8. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиындық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
      Заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.

II. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынылады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының ) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.04.16 № 2-5; өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 8-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.
      10. Ауыл әкімі арыз берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және уәкілетті органға тапсырады.
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы арызы уәкілетті орган қарап, қабылдаған айдың ішінде тұрған үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      12. Тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін отбасымен келісім шарт құрылып, мұнда тағайындалған көмектің көлемі енгізіледі. Келісім шарт 2 данада құрылып, біреуі меншік иесіне беріледі. Келісім шарт тұрғын үй көмегін тағайындау негізі болып табылады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап көмек алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Барлық қажетті құжаттармен өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Тұрғын үй көмегін төлеу тоқсанына бір рет өтініш берушінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банк бөлімшесі арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 31-8 шешіміне қосымша

Шыңғырлау аудандық мәслихаттың
күші жойылған кейбір шешімдердің
тізбесі

      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасын бекіту туралы" № 6-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-68 тіркелген).
      2. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасын бекіту туралы" № 6-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 11-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-83 тіркелген).
      3. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасын бекіту туралы" № 6-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 21 қазандағы № 22-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-113 тіркелген).
      4. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Қағидасын бекіту туралы" № 6-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 27-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-125 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады