Байланыс формасы

Өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік және Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 39 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 ақпанда № 6787 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 292 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2013 жылғы 18 шілдедегі № 141/НҚ Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.06.2013 № 292 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 18.07.2013 № 141/НҚ бірлескен бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледі).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына сәйкес
БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Өрт, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) өрт қауiпсiздiгi саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
      4) азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет (С.Ғ. Әубәкiров) және төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау (С.Б. Ахметов) комитеттерi мен Азаматтық қорғаныс департаменті (М.Қ. Ысқақов):
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. «Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 20 қарашадағы № 402 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 238 бірлескен бұйрығының (№ 6683 нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2010 ж. 28 желтоқсандағы № 550-551 (26394) «Егемен Қазақстан» және 2010 ж. 30 желтоқсандағы № 357-358 (26418-26419) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi В.В. Петровқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі       Экономикалық даму және
      _______________ В. Божко         сауда жоспарлау министрі
      2011 жылғы 11 ақпан              ____________ Ж. Айтжанова
                                       2011 жылғы 17 ақпан

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 11 ақпандағы № 45 
және Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және сауда 
министрінің         
2011 жылғы 17 ақпандағы № 39 
бірлескен бұйрығына     
1-қосымша          

Өрт, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және Азаматтық қорғаныс
саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн
бағалау критерийлерi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өрт, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi (бұдан әрі - Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы»«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»,  «Азаматтық қорғаныс туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Критерийлер жоспарлы тексерістер жүргізу үшін ұйымдарды, қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғыларды, Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын анықтағанда және жоспарлы тексерістер жүргізу үшін тәуекел дәрежесіне жатқызғанда қолданылады.
      3. Тәуекел – адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің, авариялардың, қақтығыстардың туындауы және Бақылау субъектілерінің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамауы нәтижесінде мүлікке және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы.

2. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында
тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi

      4. Жоғары тәуекел дәрежесiне мынадай объектiлер жатады:
      1) өнеркәсiптiк ұйымдар - барлық құрылыстардың 50 % астам көлемiн алатын, жарылу, өрт шығу және өрт қауiптiлiгi бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттарындағы өндiрiстерiмен;
      2) гидроэлектр станциялары - қуаттылығы екi жүз елу МВт және одан астам;
      3) жылу электр станциялары - қуаттылығы елу МВт және одан астам немесе үш жүз Гигакалория және одан астам;
      4) автокәсіпорындар – техника саны 50 бірліктен астам;
      5) газ турбиналық электр станциялары - қуаттылығы елу МВт және одан астам;
      6) бiлiм беру ұйымдары - ауданына қарамастан;
      7) мәдени ойын-сауық, табыну және басқа да дiни мекемелер - бiр уақытта 100 адам және одан астам адам болады;
      8) спорт және дене шынықтыру, сауықтыру кешендерi - бiр уақытта 100 және одан астам адам болады;
      9) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 және одан астам адам;
      10) стационары бар денсаулық сақтау ұйымдары - ауданына қарамастан;
      11) сауда ұйымдары - құрылыстардың барлық ауданына 2500 шаршы метрден астам;
      12) биiктiгi 28 метрден астам әкімшілік ғимараттарда орналасқан ұйымдар;
      13) әуежайлар - ауданына қарамастан;
      14) теңiз және өзен порттары - ауданына қарамастан;
      15) темiржол және автомобиль вокзалдары - ауданына қарамастан;
      16) мұнай базалары мен мұнай өнiмдерiн сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден астам;
      17) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден астам;
      18) мұрағаттар - ауданына қарамастан;
      19) әлеуметтiк сала объектiлерi (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлері, интернат үйлері, балалар мен мүгедектерге арналған психоневрологиялық орталықтар) - ауданына қарамастан;
      20) демалыс үйлерi мен аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлерi мен туристiк базалар - бiр уақытта 100 және одан астам адам болады;
      21) оқ-дәрілерді сақтау және жою (құрту, пайдаға асыру, көму және қайта өңдеу) объектілері;
      22) тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жүргізуге арналған сараптама ұйымдары.
      5. Тәуекел дәрежесі орташа объектілер:
      1) өнеркәсіптік ұйымдары - барлық құрылыстардың 50 % аса көлемін алатын, жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттағы өндірістерімен;
      2) гидро электр станциялары - қуаттылығы екі жүз елу МВт кем;
      3) жылу электр станциялары - қуаттылығы елу МВт кем немесе үш жүз Гкал кем;
      4) газ турбиналық электр станциялары - қуаттылығы елу МВт кем;
      5) кернеуі бір мың жүз елу Киловольттан кем шағын электр станциялары;
      6) мәдени ойын-сауық, спорт және дене шынықтыру сауықтыру кешендері, табыну және басқа да діни мекемелер - бір уақытта 100 адам кем болуы;
      7) ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары;
      8) тұрғын үй ғимараттары – биіктігі 28 метрден астам;
      9) тұрмыстық қызмет көрсету объектілері - құрылыстардың жалпы саны 150 шаршы метрден асады;
      10) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;
      11) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 адамнан кем;
      12) стационарсыз денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;
      13) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден асады;
      14) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 асады және 2500 шаршы метрден кем;
      15) биіктігі 28 метрден кем және ауданы 150 шаршы метрден астам әкімшілік ғимараттарда орналасқан ұйымдар;
      16) автокәсіпорындар - техника саны 50 бірліктен кем;
      17) автокөлікке қызмет көрсету объектілері (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен посттары және басқа) – ауданы мен жалпы сыйымдылығына қарамастан;
      18) мұнай базалары мен мұнай сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден кем;
      19) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден кем;
      20) байланыс кәсіпорындары мен, теле радио орталықтары - ауданына қарамастан;
      21) ғылыми-зерттеу және жобалау институттары - ауданына қарамастан;
      22) демалыс үйлері мен демалыс аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлері мен туристік базалар - сыйымдылығы 100 адамнан кем;
      23) тұрғылықты орны бойынша балалардың аула маңындағы клубтары.
      6. Тәуекел дәрежесі болмашы объектілер:
      1) өнеркәсіптік ұйымдар - жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша «Г» және «Д» санаттағы өндірістерімен;
      2) тұрғын үйлер – жеке тұрғын үй құрылыстарынан басқа, биіктігі 28 метрден кем;
      3) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;
      4) тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;
      5) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;
      6) стационары жоқ денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;
      7) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем;
      8) құрылыстардың жалпы көлемі 150 шаршы метрден кем әкімшілік ғимараттарда орналасқан ұйымдар;
      9) ашық автотұрақтар, бөлек тұрған жер үстіндегі және жер астындағы гараждар - ауданына және авто техника сақтау санына қарамастан;
      10) бөлек тұрған авто жуулар;
      11) саяжай және бақшалық қоғамдар - ауданына және учаскелер санынан қарамастан.

3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жеке
кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау
критерийлері

      7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті декларациялануға жататын объектілер жатады, оларда:
      1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
      2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;
      3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;
      4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;
      5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын.
      Сондай-ақ тәуекелдің жоғары дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:
      0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
      жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.
      8. Тәуекелдің орташа дәрежесіне технологиялық үдерісті тоқтататын және өндірістік персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авариялар, инциденттер туындауы мүмкін объектілер міндетті декларациялануға жатпайтын объектілер жатады, оларда:
      1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
      2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;
      3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;
      4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;
      5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын.
      Сондай-ақ тәуекелдің орташа дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан 100 %-ға дейін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:
      0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
      жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер.
      9. Сондай-ақ тәуекелдің кіші дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан аспайтын мерзімде өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады:
      1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
      2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;
      3) сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған және қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстарын жүзеге асырушы ұйымдар.
      10. Объекті немесе техникалық құрылғы тәуекелінің аса жоғарғы тобына қатысы үшін негіз болуға жағдай жасаған қауіпті өндірістік фактордың зақымдану әсерін жою немесе төмендету кезінде объект немесе техникалық құрылғы тәуекелділіктің төменірек дәрежесі тобына өтеді.
      Бір топтағы тексерістер техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың, авариялар мен қақтығыстар көрсеткіштерінің өсу үдерісі бар объектілерден немесе техникалық құрылғылардан басталады.

Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында
тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      11. Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы бөлу кезінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдары:
      1) жоғары тәуекел тобы:
      өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдарына;
      тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдарына;
      аумағында тыныс-тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдарға;
      2) орташа тәуекел тобы:
      Базасында Азаматтық қорғаныстың аумақтық ұйымдары мен штаттық авариялық-құтқару қызметтері құрылған кәсіпкерлік субъектілеріне;
      3) төмен тәуекел тобы:
      білім беру объектілеріне (Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар мектептері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары);
      50 адам асатын стационарлық денсаулық сақтау объектілеріне бөлінеді.
      12. Азаматтық қорғаныс саласындағы Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын кейінгі бөлу кезінде осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес әр Бақылау субъектіге тиісті балл беріледі.
      13. Жиынтық қорытындының нәтижелері Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін қолданылады.
      14. Тәуекел дәрежелері бойынша Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      жоғары тәуекел тобына 60-тан жоғары және одан көп балл;
      орташа тәуекел тобына – 30-дан аса 60-қа дейінгі балл;
      шамалы тәуекел тобына - 0-ден 30-ға дейінгі балл алған Азаматтық қорғаныстың басқару органдары жатады.
      15. Бір тәуекел топ ішінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тексеруді басымды жоспарлау негіздері:
      1) ең үлкен тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді айқындау кезінде жоспардан тыс тексерулер саналмайды);
      2) ең үлкен баллдың сомасы болып табылады.

Өрт, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және 
Азаматтық қорғаныс саласындағы  
жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер
дәрежесiн бағалау критерийлеріне  
қосымша               

Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

№ р/с

Критерийлердің атаулары

Баллдарды беру шарттары


1.

Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау

иә

0

жоқ

20

2.

Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу

иә

0

жоқ

10

3.

Бейбіт және соғыс уақытында басқару, байланыс және хабардар ету жүйелерінің дайындығы

иә

0

жоқ

20

4.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының бейбіт және соғыс уақытындағы іс-қимылдарға дайындығы

иә

0

жоқ

10

5.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, Азаматтық қорғаныс үшін қаржы және материалдық ресурстар резервтерінің бары

иә

0

жоқ

10

6.

Азаматтық қорғаныс саласындағы халықты (персоналды) оқыту

иә

0

жоқ

10

7.

Заманауи зақымдану құралдары ықпалынан және төтенше жағдай туындаған кезде халықты (персоналды) қорғау бойынша іс-шаралар өткізу

иә

0

жоқ

20

Қазақстан Республикасы       
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 11 ақпандағы № 45 
және Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және сауда 
министрінің            
2011 жылғы 17 ақпандағы № 39 
бірлескен бұйрығына       
2-қосымша            

Нысан

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тағайындау туралы акт _______________________________________________
                                         (№, датасы)
Тексеріс өткізу уақыты ______________________________________________
Тексеру мезгілі _____________________________________________________
Ұйым атауы __________________________________________________________
Объект атауы ________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
СТН _________________________________________________________________
ИИН/БИН (оның барында) ______________________________________________


р/с

Тексерілетін мәселе

Орындау туралы белгі

орындалды

орындалмады

1. Ұйымдастыру іс-шаралары

1.

Мынадай:

1) сөндіру үшін әр түрлі өрт сөндіргіш құралдары қолданылатын заттар мен материалдарды сақтаудың белгіленген тәртібінің болуы;



2) өрт кезінде адамдарды ғимараттан немесе құрылыстан эвакуациялау қауіпсіздігіне кепілдік беретін мәндерге дейін олардың ғимараттардың немесе құрылыстардың ішіндегі санын шектеу бойынша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар.



2.

Әрбір ұйымда олардың өрт қауіптілігін, өртке қарсы режимді белгілейтін, тиісті бұйрығының немесе нұсқаулығының болуы, оның ішінде:

1) ашық отты пайдалану тәртібін және қауіпсіздік шараларын анықтау;



2) темекі шегуге арналған орынды анықтау және жабдықтау;



3) өрт сөндіретін автомашиналардың объектіге өту тәртібін анықтау;



4) үй-жайда бір мезгілде болатын шикізат, шала өнімдер және дайын өнімдердің орнын және рұқсат етілген мөлшерін анықтау;



5) жанғыш қалдықтар мен шаңды жинау, май болған арнайы киімді сақтау тәртібін белгілеу;



6) өрт жағдайында және жұмыс күні аяқталған кезде, электр жабдықтарын тоқсыздандыру тәртібін белгілеу;



7) уақытша отты және басқа өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеу;



8) үй-жайды жұмыс аяқталғаннан кейін қарап шығу және жабу тәртібін реттеу;



9) жұмыскерлердің өртті байқаған кездегі әрекеттерін реттеу;



10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқамадан өту тәртібі және мерзімі және өрт-техникалық минимум бойынша оқытуларды анықтау, сондай-ақ оларды өткізуге жауапты тұлғалар тағайындау.



3.

Әрбір жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті учаске (шеберхана, цех) үшін өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтың болуы.



4.

Өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарының (схемасының) болуы.



5.

Жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың (бұйрықтар, міндеттемелер, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар журналы) және өрттен қорғау жүйесін пайдалану үшін, электр шаруашылығы үшін, өрт автоматикасы үшін, алғашқы өрт сөндіру құралдарының сақталуы және іс-әрекеттерге дайындығы үшін жауапты тұлғалардың болуы.



6.

Адамдар жаппай жиналатын қоғамдық және өндірістік ғимараттарда, ұйымдарда, жарылыс, өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В санатты ғимараттар (құрылыстар), сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар орналастырылған аумақтарда өрт-техникалық комиссиясы мен өртке қарсы ерікті құрамаларының болуы.



2. Аумақты ұстау

7.

Өрт сөндіру автомобильдерінің:

1) екі бойлық жақтан - биіктігі 28 м және одан артық (9 қабат және одан артық) көп пәтерлі тұрғын үйлердің ғимараттарына, биіктігі 18 м және одан артық (6 және одан артық қабатты) адамдар тұрақты тұратын және уақытша келетін өзге ғимараттарға, көрсетілім жасалатын және мәдени-ағарту мекемелерінің, халыққа қызмет көрсету ұйымдарының, жалпы білім беру ұйымдарының, стационарлық типті емдеу мекемелердің, мекемелерді басқару органдарының ғимараттарына;



2) барлық тараптардан - көп пәтерлі тұрғын үйлердің, жалпы білім беру мекемелерінің, балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, стационары бар емдеу мекемелерінің, ғылыми және жобалық ұйымдардың, мекемелерді басқару органдарының бір секциялы ғимараттарына кіреберіс жолдарының болуы.



8.

Өндірістік объектілердің ғимараттарына, құрылымдары мен құрылыстарына олардың бүкіл ұзына бойына өрт сөндіру машиналарының:

1) бір жағынан - ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың ені 18 м артық болмаған жағдайда;



2) екі жағынан - ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың ені 18 м артық болған жағдайда, сондай-ақ аулалар тұйықталып және жартылай тұйықталып салынған жағдайда;



3) жан-жағынан құрылысының ауданы 10 мың м 2 артық немесе ені 100 м артық өндірістік объектілер ғимараттарына өрт сөндіру техникасының кіреберіс жолдарының болуы.



9.

Азаматтардың бау-бақ, бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестік аумағында барлық бақша учаскелеріне, біріккен топтарға және жалпы пайдаланылатын объектілерге өрт сөндіру техникасының кіреберіс жолының болуы.



10.

Өлшемі 5 га артық алаңдары болатын өндірістік объектілерде (алаң өлшемдеріне қарамастан, жалпы тораптағы автомобиль жолдарына немесе қойманың немесе кәсіпорынның кіре беріс жолдарына шығатын екеуден кем болмайтын шығатын жолы болатын, I және II санатты мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларын қоспағанда) екеуден кем болмайтын шығу жолының болуы.



11.

Өндірістік объектінің 1 мың м артық болатын алаң бетінің өлшемі және осы бетте оны көше немесе автомобиль жолдары жағынан орналастыру кезінде, алаңға келетін екеуден кем болмайтын шығу жолының болуы.



12.

Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтыққа қойылатын талаптарды сақтау (уақытша құрылыстарды, ғимараттарды салу).



13.

Аумақты ұстау, жарықтандырылуы (жанғыш қалдықтардың, қоқыстың, түскен жапырақтардың, жанған қоқыстың және өзге де жанғыш материалдардың болмауы).



14.

Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды ұстау, техникалық жай-күйі, пайдалану (жылына кемінде екі рет тексеру, люктер қысқы уақытта қардан, мұздан тазартылуы және жылытылуы қажет).



15

Өрт техникасының өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне өтуінің қамтамасыз етілуі.



16

Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері орналасқан орындардың нұсқағыштармен қамтамасыз етілуі.



17.

Түнгі мезгілде аумақтарды, ғимараттарды, су көздеріне түнгі мезгілде өту жолдарын жарықтандырудың болуы.



18.

Объектіде мұнай өнімдері бар резервуарлық парктер болған жағдайда мынадай талаптарды қамтамасыз ету:



1) көршілес объектілерге дейін өртке қарсы аралықтарды сақтау;



2) өндірістік объектінің мұнай өнімдері, сұйытылған ыстық газдар, улы заттар болатын резервуарлық парктері өндірістік объектінің ғимараттарына, құрылымдарына және құрылыстарына қатысы бойынша барынша төменгі белгілеріне орналастыру және жанбайтын материалдардан орындалған үрленетін дуалмен қоршалған болуы тиіс (жер бедері ескеріліп);



3) резервуарларда авариялар кезінде төгілген сұйықтықтың ғимараттарға, құрылыстар мен құрылымдарға таралып кетуін болдырмау шараларын орындау;



4) өндірістік объектілердің мұнай өнімдерін ыдыста сақтау алаңдарының периметрі бойынша тұйықталған үйіп көму құрылғысы немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғаларының болуы;



5) тұйықталған жерде үйіп көму немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғалары жер үстіндегі резервуарлардың әрбір тобының жеке тұрған резервуарларының периметрі бойынша қарастырылған және жайылып кететін сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген болуы;



6) әрбір резервуарлар тобының топырақ үйіндісінің немесе қоршау қабырғасының биіктігінің, резервуарлар қабырғасынан бастап үйіндінің ішкі еңістерінің табанына дейінгі немесе қоршау қабырғаларына дейінгі арақашықтықтың сәйкестігі;



7) эстакадалар арқылы, жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын алаң ішіндегі транзиттік құбыр желілері, жанғыш материалдардан жасалған, жеке тұрған бағаналар мен тіреулер, сондай-ақ отқа төзімді I және II деңгейлі ғимараттарды қоспағанда, ғимараттардың қабырғалары мен төбелері арқылы өндірістік объект аумағында жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыруға жол бермеу;



8) галереяларда - жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын құбыр желілерін, егер осы өнімдерді араластыру жарылыс немесе өртті тудыратын болса, жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыруға жол бермеу;



9) жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын құбыр желілерін - жанатын жабындар мен қабырғалар бойынша, жарылыс өрті және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы ғимараттардың жабындары мен қабырғалары бойынша жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыруға жол бермеу;



10) жанғыш газдардың газ құбырлары - қатты және сұйық жанғыш материалдар қоймаларының аумағы бойынша жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыруға жол бермеу;



11) жеке тіреулер мен эстакадаларда қойылатын жанғыш сұйықтықтарға арналған жер үстіндегі құбыржол желілерін ойықтары болатын ғимарат қабырғаларынан 3 м кем болмайтын және ойықтары болмайтын ғимарат қабырғаларынан 0,5 м кем болмайтын арақашықтықта орналастыруды қамтамасыз ету;



12) өндірістік объектінің ғимараттарының, құрылыстары мен құрылымдарының астынан жанғыш сұйықтықтары бар сыртқы желілерді орналастыруды болдырмау.



19.

Автоқұю станцияларын орналастыру кезінде өртке қарсы қашықтықтарға сәйкестігі.



20.

Сұйылтылған көмірсутекті газдарымен резервуарлары бар объектілерді орналастыру кезінде өртке қарсы қашықтықтарға сәйкестігі.



3. Ғимараттар мен құрылыстарды ұстау

21.

Ғимараттардан, үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдарының саны және олардың жобалық шешімдерге сәйкестігі.



22.

Эвакуациялау жолдарының жай-күйі (қабырғалардың, едендердің, төбелердің жанатын қаптамасы; жарықтандырылуы, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарының өлшемдері мен көлемдік-жоспарлау шешімдері, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы; эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарының үйіп тасталуы, авариялық және эвакуациялық жарықтың болуы, көпшілік адамдар болатын үй-жайларда кілемдердің, кілем алашалардың және өзге де еден төсеніштерінің еденге сенімді бекітілуі).



23.

Есіктердің ашылу бағыты.



24.

Эвакуациялық шығу жолдары есіктерінде ғимарат ішінде болатын адамдардың тиектерді ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі.



25.

Көпшілік адамдар болатын объектілерде электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, қызмет көрсететін қызметкерде электрлік қолшамдардың болуы.



26.

Эвакуациялау жолдарында жанған кезде жанғыш және уытты өңдеу материалдарының, кілемдердің және үстіңгі жағынан жануды тез таратуға қабілетті басқа да еден төсеніштерінің болмауы.



27.

Саты торларының баспалдақтарының астында қойма және өзге де үй-жайлардың болмауы.



28.

Саты торының жертөле мен шатырдан оқшаулануы.



29.

Құрылыс құрылымдарының оттан қорғау жабындарының болуы және олардың жай-күйі.



30.

Жертөлеге немесе шатырға апаратын есіктер мен люктердің жай-күйі.



31.

Жертөлелердің, шатырлардың, техникалық үй-жайлардың жай-күйі және оларды пайдалану.



32.

Жертөлелер терезелері мен шұңқыршаларына (мекеменің қоймалық үй-жайларын, кассаларын, қару тұратын бөлмелерін, құпия бөлімдерін қоспағанда) тұйық торлар орнатуға жол бермеу.



33.

Лифті холлдарында қоймалар, дүңгіршектер, дүкеншіктер орналастыруға жол бермеу



34.

Өрт жағдайында қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарды, лоджиялар мен галереяларды шынылауға жол бермеу.



35.

Ғимараттардың өндірістік және қоймалық үй-жайларында (отқа төзімділігі V деңгейлі ғимараттардан басқа) антресолдар мен бөлгіштер, қызмет көрсететін қосымша бөлмелерді, қамбалар, конторкаларды және басқа жанғыш материалдардан салынған құрамдас үй-жайларды орналастыруға жол бермеу



36.

Нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жеткізу шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) әрекет ету аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуді жүргізуге жол бермеу.



37.

Балкондар мен лоджияларда есіктерді, люктерді, аралас секцияларға өтетін жерлерді және сыртқы эвакуациялау сатыларына шығуларды жиһазбен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйіп тастауға жол бермеу.



38.

Жертөлелер мен цоколдық қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозольдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға жол бермеу.



39.

Қабаттардағы дәліздерден, холлдардан, фойеден, тамбурлар мен басқыш шабақтарынан эвакуациялық шығулардың жобада қарастырылған есіктерін, эвакуациялау жолында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға жол бермеу.



40.

Өндіріс үдерістерінде жарылыс өрт қауіпті көрсеткіштері зерттелмеген материалдар мен заттарды қолдануға, сондай-ақ оларды басқа материалдармен және заттармен бірге сақтауға жол бермеу.



41.

Барлық өндірістік және қоймалық үй-жайлар үшін жарылыс өрті және өрт қауіптілігі санаттарын, сондай-ақ аймақтар класстарын үй-жайлар есіктерінде тиісті белгілермен анықтау.



42.

Жоғары өрт қауіптілігі болатын жабдықтың жанында қауіпсіздік белгілерінің болуы.



43.

Автоматты өрт сигналы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы құлақтандыру қондырғыларымен жабдықтау (қажет болған жағдайда).



44.

Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін ұстау, пайдалану (егер құрылыс нормалары мен ережелері бойынша талап етілсе), атап айтқанда:

1) өртке қарсы ішкі су құбырының өрт сөндіру крандарын 1,35 м биіктікте орнату, түтік құбырлар мен ұңғымаларды жинақтау, пломбаланатын өрт сөндіру шкафтарына орналастыру;



2) шкафтың есігінде әріптік "ӨК" индексін, жақын өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірін көрсету;



3) өрт сөндіретін түтік құбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған және крандар мен ұңғымаларға жалғанған күйінде күтіп ұстау;



4) сорғы стансасының үй-жайларында өртке қарсы сумен жабдықтаудың жалпы сұлбасы мен сорғыларды байлау сұлбасының болуы;



5) әрбір ысырмада және өрт сөндіргіш сорғы-көтергіште олардың тағайындалымын көрсету;



6) кәсіпорынның электрмен жабдықтауы өрт сөндіру сорғыларының электр қозғалтқыштарының үздіксіз қоректенуін қамтамасыз ету.



45.

Жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы.



46.

Объектінің өртке қарсы қабырғалары мен далдаларының отқа төзімділік дәрежесі бойынша сәйкестігі.



47.

Ғимараттарды, құрылымдарды, өрт сөндіру бөліктерін, сондай-ақ функционалдық өрт қауіптілік кластары әр түрлі үй-жайлар бөліктерін өзара отқа төзімділік шектері және құрастырылымдық өрт қауіптілік кластары нормаланған қоршау құрастырылымдарымен немесе өртке қарсы кедергілермен бөлу.



48.

Өртке қарсы қабырғаларда ойықтарды өртке қарсы қақпалармен, есіктермен, люктермен және терезелермен толтырудың болуы.



49.

Объектіде қайта жоспарлау, функционалдық мақсатын өзгерту немесе жаңа жабдық орнату кезінде нормалар мен ережелердің талаптарын сақтау.



50.

Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың шатырында жарамды сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршауларының болуы.



4. Желдету қондырғылары

51.

Желдету жүйесінің жобалық шешімге сәйкестігі.



52.

Әр түрлі қолданыстағы желдету жүйелерінің түтінге қарсы желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа арналар, жинағыштар, шахталар) ауа арналары мен арналарының құрастырылымдары отқа төзімді болуы және жанбайтын материалдардан орындалуы.



53.

Өртке қарсы қалыпты ашылатын клапандарда автоматты және қашықтықтан басқарылатын жетектердің болуы.



54.

Қоршайтын құрылыс материалдарының желдету жүйелерінің отқа төзімді арналарымен және тіреулер құрастырылымдарымен (аспалар) қиысатын тораптарының осы арналар үшін қажетті шектерден кем болмайтын отқа төзімділік шегіне сәйкес болуы.



55.

Желдету жүйесінің жарамды жай-күйі.



56.

Желдету камераларын, циклондарды, сүзгіштерді, ауа арналарын жанғыш тозаңдардан және өндіріс қалдықтарынан тазалау.



57.

Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті өндірісі (қондырғылары) болатын үй-жайларда гидравликалық, құрғақ сүзгілер, шаң ұстайтын және желдету (шаң-тозаң соратын) жүйелерінің жарамды жай-күйі.



58.

Пневматикалық көліктің құбыр желілерінде және жергілікті сору жүйелерінің ауа арналарында кезеңдік қарау, тексеру және өрт туындаған жағдайда, оны сөндіру үшін тығыз жабылатын люктердің болуы.



5. Электр желілерін, электр қондырғыларын және электр-техникалық бұйымдарын пайдалану

59.

Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейі мен түрі белгісі болмайтын электр жабдығын қолдануға жол бермеу.



60.

Дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кабельдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын), сондай-ақ бүлінген немесе қорғаныш қасиеттері мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға жол бермеу.



61.

Бүлінген және бекітілмеген розеткаларды, шаппа қосқыштарды, басқа электрлік қондырғы бұйымдарын пайдалануға жол бермеу.



62.

Электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайларда қолдануға жол бермеу.



63.

Стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма өндірмелерді және ток күшінің көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға жол бермеу.



64.

Электрлік қалқандар, электр қозғалтқыштар және іске қосу аппаратурасы жанында жанғыш (оның ішінде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (қоймалауға) жол бермеу.



65.

Электр сымдары мен кабельдердің жалғаулары мен ұштарын оқшаулаусыз қалдыруға жол бермеу.



66.

Электр шамдары мен шырағдандарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шырағданның құрастырылымында қарастырылған қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынып қалған шырағдандарды пайдалануға жол бермеу.



67.

Егер олардың болуы дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында қарастырылған болса, электр үтіктерді, электр плиткаларды, электр шәйнектерді және басқа электрмен қыздырылатын аспаптарды өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректену цокольдері, қыздырғыш дөңгелектер) пайдалануға жол бермеу.



68.

Құрастырылымда қарастырылған жылу реттегіштер болмаған немесе бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға жол бермеу.



69.

Үй-жай ішіне ыстық кендір қабығын алмай, сауытпен қапталған кабельдерді төсеуге жол бермеу.



70.

Ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар жобада қарастырылған найзағайдан қорғайтын ақаусыз құрылғыларының болуы.



71.

Найзағайдан қорғау құрылғыларының жерге қосатын құрылғысының электрлік кедергісіне білікті мамандар немесе мамандандырылған ұйым жылына кемінде бір рет өлшеу жүргізген актінің болуы.



72.

Тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш газдар айналатын, сақталатын немесе қайта өңделетін ғимараттардың ішінде және ашық кеңістікте орналасқан технологиялық аппараттардың барлық металл құрастырылымдарын, сұйық қоймаларды, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдерін өткізгіштерді және басқа құрылғыларды қайта пайда болатын найзағайдан және статикалық электр зарядтарынан қорғау үшін қорғанышты жерге қосқышының болуы.



6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
(егер объект «Міндетті түрде өртке қарсы қызмет
құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8
қыркүйектегі № 781 қаулысының күшіне қатысты болған
жағдайда)

73.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру.



74.

Жай-күйі, техникалық жарақтануы және жауынгерлік дайындығы.



75.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет туралы ереже (саны, құрылымы, жұмыс режимі).



76.

Кәсіби дайындықты ұйымдастыру.



7. Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды
жылыту жүйесі

77.

Жылыту жүйесінің жарамдылығы.



78.

Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың от жағатын есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған еденді пеш жанындағы оның ұзындығында орналасқан тесіктерсіз 0,5 х 0,7 м кем болмайтын өлшемдегі оттық алдындағы металл табақпен қорғау.



79.

Елді мекендерде ұйымдарды және тұрғын үйлерді жылыту үшін қолданылатын орталық от қазандықтарын пайдалану.



80.

Жылу генераторы аппараттарын (пешпен жылыту) пайдалану.



81.

Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларының түтіндік құбырларында ұшқын сөндіргіштердің болуы.



82.

Жанғыш заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың пештер оттығының саңылауларына дейін кемінде 1,25 м дейін және пештің басқа қыздырылатын бөліктеріне дейін кемінде 0,7 м арақашықтықта болмауы.



83.

Ауа арналардағы автоматты от тұтқыш құрылғылары (қалқалағыштар, сұқпа жапқыштар, клапандар), автоматты өрт сигналын беретін немесе өрт сөндіру құрылғылары болатын желдету жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдетуді автоматты сөндіру құрылғылары жай-күйінің жарамдылығы.



8. Өрт автоматикасын пайдалану

84.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қолы қойылған өрт автоматикасын пайдалануға қабылдау актісінің болуы.



85.

Өрттен қорғау жүйесінің техникалық құралдарына осы жұмыстарды орындау бойынша білікті мамандардың немесе шарт бойынша мамандандырылған ұйымдардың техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасын және регламенттелген жұмыстарды жүргізу мерзімдерін ескере отырып, жылдық жоспар-кестеге сәйкес жүргізуі.



86.

Өрттен қорғау жүйесінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын ала жөндеу, өрт автоматикасын пайдалану және алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын және жай-күйін тексеру бойынша жұмыстарды есепке алу жөніндегі арнайы журналдың болуы.



      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:

      _____________ ______________ _____________________________
       (лауазымы)       (қолы)               (Т.А.Ә.)

      Бақылау субъектісі:

      _____________ ______________ _____________________________
        (лауазымы)     (қолы)                (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы       
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 11 ақпандағы № 45 
және Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және сауда 
министрінің            
2011 жылғы 17 ақпандағы № 39 
бірлескен бұйрығына       
3-қосымша            

Нысан

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тағайындау туралы акт ______________________________________________
                                         (№, датасы)
Тексеріс өткізу уақыты ______________________________________________
Тексеру мезгілі _____________________________________________________
Ұйым атауы __________________________________________________________
Объект атауы ________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
СТН _________________________________________________________________
ИИН/БИН (оның барында) ______________________________________________


р/с

Тексерілетін мәселе

Орындау туралы белгі

орындалды

орындалмады

1.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын сақтау.



2.

Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдану.



3.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.



4.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз ету.



5.

Алдағы уақытта пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзу.



6.

Белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберу.



7.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбау.



8.

Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсыну.



9.

Авариялардың, инциденттердiң туындау себептерiне талдау жүргiзуге, қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнiң және олардың зардаптарының алдын алу және жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру.



10.

Уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк факторлардың туындауы туралы дереу хабардар ету.



11.

Авариялардың, инциденттердің есебiн жүргiзу.



12.

Мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындау.



13.

Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеу.



14.

Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерi, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсыну.



15.

Қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру.



16.

Мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсыну.



17.

Өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету.



18.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялау.



19.

Жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз ету.



20.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз ету.



21.

Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасу немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құру.



22.

Авариялардың, инциденттердiң салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшiн материалдық және қаржылық ресурстар резервiн ұстау.



23.

Қызметкерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария, инцидент бола қалған жағдайдағы қорғану әдiстерi мен iс-қимылдарын үйрету.



24.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария, инцидент бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және iс-қимылды қолдау жүйелерiн құру мен олардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.



25.

Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне қауiптi заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулiк бұрын хабарлау.



26.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыру.



27.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергiлiктi жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк инспекторымен келiсу.



28.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде мемлекеттiк инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзу.



29.

Аварияларды жою жоспарының болуы, оның мазмұны.



30.

Оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар өткізу.



31.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге құқық беретін аттестаттың болуы.



      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:

      _____________ ______________ ______________________________
       лауазымы)        (қолы)                 (Т.А.Ә.)

      Бақылау субъектісі:

      _____________ ______________ ______________________________
        (лауазымы)      (қолы)                 (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы       
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 11 ақпандағы № 45 
және Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және сауда 
министрінің            
2011 жылғы 17 ақпандағы № 39 
бірлескен бұйрығына       
4-қосымша            

Нысан

Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тағайындау туралы акт ______________________________________________
                                         (№, датасы)
Тексеріс өткізу уақыты ______________________________________________
Тексеру мезгілі _____________________________________________________
Ұйым атауы __________________________________________________________
Объект атауы ________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
СТН _________________________________________________________________
ИИН/БИН (оның барында) ______________________________________________

№ р/с

Тексерілетін мәселе

Орындау туралы белгі

орындалды

орындалмады

1. Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау

1.

Азаматтық қорғаныстың орындалған іс-шаралары туралы есепті Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына ұсыну.



2.

Тиісті деңгейдегі Азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен Азаматтық қорғаныс жоспарларының болуы



3.

Ұйымда бірінші басшыға тікелей бағынысты Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттерді шешетін арнайы уәкілетті құрылымдық бөлімшенің (жеке қызметкердің) болуы



4.

Эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссияларының болуы



5.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиялардың немесе осы функцияларды орындайтын басқа органның болуы



6.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау бойынша бекітілген перспективалы және ағымдық жоспарлардың және оларды жою бойынша іс-қимыл жоспарларының болуы



7.

Эвакуациялау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету



8.

Қызметкерлердің азаматтық қорғаныс бойынша міндеттерін орындауы үшін қажетті жағдайдың болуы



2. Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу

9.

Ықтимал су тасқынын, селді, сырғыма мен басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды есепке ала отырып, аумақтағы құрылыстарды жоспарлауды жүзеге асыру



10.

Халық пен қоршаған орта үшін жоғары қауіп тудыратын шаруашылық жүргізу объектілері орналасқан ведомстволық бағынысты аумақтарда, сондай-ақ қарқынды мұнай-, газ өндіру және жер асты қазбалары аудандарында сейсмикалық аудандастыру және сейсмикалық қауіпті бағалау жүргізуді жүзеге асыру



11.

Ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикаға қарсы нығайту бойынша жұмысты жүзеге асыру



12.

Күрделі жөндеу кезінде сейсмикалық тұрақсыз құрылыстар мен ғимараттардың құрылыс конструкцияларын міндетті сейсмикаға қарсы нығайтуды жүзеге асыру



13.

Теңiздер мен iрi су айдындары беткi деңгейiнiң құбылуына болжам жасаудың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытуды қамтамасыз ету



14.

Су тасқындары болуы мүмкiн аудандарда гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстар салуды ұйымдастыру мен олардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету



15.

Су тасқындары болуы, су басып қалуы және су астында қалып қоюы мүмкiн аймақтарда жер учаскелерiнiң шаруашылық қажеттерiне арналған объектiлер салу үшiн бөлiнуiне тыйым салу



16.

Әзірленетін орынжай аудандарында бар құрылыстар мен ғимараттардың беріктігі мен тұрақтылығын арттыру



17.

Кенiштердi игеруге байланысты төтенше жағдайлардан болуы ықтимал залалды азайту жөнiндегi алдын алу шараларын жүргiзу, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда кен өндiрудi тоқтату және қорғаныш шараларының қажеттi кешенiн орындап, кенiштердi консервациялау



3. Басқару, байланыс және хабардар ету жүйесінің бейбіт және соғыс уақытына әзірлігі

18.

Мониторинг жүйесінің, персоналды, шаруашылық жасайтын субъектіні және халықты техногендік апаттар туралы хабардар ету жүйесінің болуы.



19.

Ұжымдық және жеке қорғау құралдарының, жергілікті хабардар ету жүйесінің болуы, олардың әзірлігінің ұдайы қамтамасыз етілуі.



4. Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының бейбіт және соғыс уақытындағы іс-қимылдарға әзірлігі

20.

Төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және оны жою бойынша күштер мен құралдардың болуы, олардың пайдалануға әзірлігі



21.

Объектілік құралымдардың болуы



5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, Азаматтық қорғанысқа арналған қаржылық және материалдық ресурстар резервтерінің болуы

22.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде азық-түлік, дәрі-дәрмек және материалдық-техникалық құралдар қорының құру



23.

*Ведомостволық бағынысты ұйымдарда материалдық-техникалық, азық-түлік және дәрі-дәрмек пен басқа да ресурстар қорының болуы және оларды әзірлікте ұстау мен олардың жиналуына, сақталуына, жаңартылуына және пайдалануға дайындығын қолдауға бақылауды жүзеге асыру



24.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін Азаматтық қорғаныс мүліктері қорының болуы



6. Халықты (персоналды) Азаматтық қорғаныс саласында оқыту

25.

Қызметкерлерді, сондай-ақ аса қауіпті объектілердегі авариялардан ықтимал зақымдану аймақтарында тұратын халықты азаматтық қорғаныс бойынша оқытуды жүзеге асыру



26.

Азаматтық қорғаныс құралымдарына кірмейтін персоналмен оқытылған тақырыпша аясында сынақ тапсыру арқылы бекітілген бағдарлама бойынша жоспарлы сабақтар өткізу



27.

Барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде және кәсіптік-техникалық мектептерде «Азаматтық қорғаныс күнін» өткізу



28.

Химиялық қауіпті объектілердің жанында күшті әсері бар заттардың шығуынан болатын авариялар туындаған кездегі персоналдың іс-қимылдары бойынша сейсмомашықтанулар немесе машықтанулар өткізу



29.

Сел қауіпті аудандарда сел машықтануларын өткізу



30.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның біліктілікті арттыру оқу орындарында басшылық құрамды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету



31.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарында басшылық, командалық-басшылық құрамды бекітілген бағдарлама бойынша даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету



7. Халықты (персоналды) заманауи зақымдану құралдары ықпалынан және төтенше жағдайлар туындауынан қорғау бойынша іс-шаралар өткізу

32.

Жұмыс істейтін персоналды, шаруашылық жасайтын объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі заманауи зақымдану құралдары әсерінен қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру



33.

Қорғану деңгейін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды орындау



      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:

      _____________ ______________ _______________________________
       лауазымы)        (қолы)               (Т.А.Ә.)

      Бақылау субъектісі:

      _____________ ______________ _______________________________
        (лауазымы)      (қолы)               (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады