Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 22 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 сәуірде № 6866 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметiн реттейтін нормативтік құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1189 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақтағы «жарғылық капиталдың немесе банктің баланс бойынша меншікті капиталының (есеп айырысу кезінде банктік операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады) орташа айлық мөлшері,» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасы резиденттерінің алдындағы реттелген борышты, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі банк шығарған борыштық бағалы қағаздарды және банктің кастодиандық шарт негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйлықақыларды, оң/теріс түзетулерді, провизияларды (резервтерді) ескергендегі банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының тиiстi есептi айдағы жұмыс күндерiнің санына қатынасы ретінде есептеледi.
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары оның ішінде провизиялар (резервтер) ескеріліп есептеледi.»;
      3-1-тармақ алып тасталсын;
      1-қосымшада:
      «ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің және қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентінің есебі» деген кестедегі реттік нөмірі 10-жолдың бірінші бағаны «түзетулер» деген сөзден кейін «, провизиялар (резервтер)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Банктің меншік капиталының мөлшері __________» деген сөздер алып тасталсын;
      «Жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері немесе банктің меншікті капиталы (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады) _____________» деген сөздер алып тасталсын;
      2-қосымшаның «ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің есебі» деген кестесінде:
«

Міндеттемелер және жарғылық капитал

                                                               »;

деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«

Міндеттемелер

                                                               »;
«   

7. Төленген жарғы капиталы (акциялар) немесе меншікті капитал (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)






                                                                  »;

деген жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 8-жолдың бірінші бағаны «түзетулер» деген сөзден кейін «, провизиялар (резервтер)» деген сөздермен толықтырылсын;
«

Ішкі міндеттемелердің орташа айлық сомасының, реттелген борыштың орташа айлық шегінің, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шегінің, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шегінің, жарғы капиталының орташа айлық шегінің немесе меншікті капиталдың орташа айлық шегінің жиынтық сомасы (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)






                                                                  »;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Орташа айлық ішкі міндеттемелердің, реттелген борыштың орташа айлық шамасының, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының жиынтық сомасы






                                                                  »;
        3-қосымшаның «қаражаттардың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеуге арналған қосымша мәліметтер» деген кестесінде:
      реттік нөмірі 8801-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

8801

Теңгемен және шетел валютасындағы қолма-қол ақша


                                                                  »;
      реттік нөмірі 8815-жолдың екінші бағаны «түзетулер» деген сөзден кейін «, провизиялар (резервтер)» деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 8817-жолдың екінші бағаны «түзетулер» деген сөзден кейін «, провизиялар (резервтер)» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші, жиырма екінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы», «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов):
      1) 2011 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде осы қаулының 1-тармағының он бірінші, жиырма екінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулының 1-тармағында көзделген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеу» есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін (бұдан әрі – Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе) жетілдіруді қамтамасыз етсін;
      2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 1-тармағының он бірінші, жиырма екінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарында көзделген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.
      5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады