Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің міндетін атқарушысының "Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы N 308 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 153 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 мамырда № 6963 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің міндетін атқарушысының «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6630 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 20.04.2010 ж., № 144-146 жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесінде:
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер сатып алушы бес жұмыс күні ішінде мүліктің бүкіл сатып алу құнын енгізбеген жағдайда немесе сауда-саттыққа қатыса алмағандығы белгілі болған жағдайда кепілақы оған қайтарылмайды және ол мемлекет кірісіне түседі. Егер кепілақы жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізілген жағдайда, жеке сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде кепілақыны мемлекет пайдасына аудару туралы шараны қолданады.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сатып алушы сауда-саттық өткізілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық органның бақылаудағы қолма-қол ақша шотына немесе сауда-саттықты өткізген жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына мүліктің сатып алу сомасын енгізеді.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүлікті сатып алушы бес жұмыс күні ішінде сатып алу бағасын енгізбеген жағдайында, сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы аукционның екінші қатысушысы үш жұмыс күн ішінде мүлікті өзінің сауда-саттық жариялаған бағасы бойынша сатып алуға арыз беру мүмкіндігі туралы хабарлайды. Тиісті арыз сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе жеке сот орындаушысына хабарламаны алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде беріледі. Сауда-саттыққа екінші қатысушы сауда-саттықты ұйымдастырушының немесе жеке сот орындаушысының хабарламасын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде сатып алу бағасын енгізеді.»;
      37-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «егер сатып алушы мүліктің толық сатып алу құнын бес күн ішінде енгізбесе, ал аукционның ең жоғарғы сатып алу бағасын ұсынған екінші қатысушысы өзінің мүлікті сатып алу мүмкіндігін пайдаланбаса.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірінші сауда-саттықта (ағылшындық әдіс бойынша) аукционшы жоғарғы баға ұсынымын келесі жолмен анықтайды:
      мүлік бағасы бес миллион теңгеге дейін құраған кезде – бес пайыз;
      мүлік бағасы бес миллионнан он миллионға дейін теңгені құраған кезде – төрт пайыз;
      мүлік бағасы он миллионнан жиырма миллионға дейін теңгені құраған кезде – үш пайыз;
      мүлік бағасы жиырма миллионнан отыз миллион теңгені құраған кезде – екі пайыз және отыз миллион теңгеден жоғары болған жағдайда – бір пайыз.
      Қайталама сауда-саттық өткізген кезде оның бастапқы бағасынан бірыңғай төмендеу қадамы үш пайызды құрау қажет.»;
      40-тармақта:
      бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереженің 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алғашқы сауда-саттық өтпеді деп жарияланған жағдайда өндіріп алушыға бастапқы бағаның жиырма пайызына төмендетілген бағамен мүлікті өзіне қалдыру мүмкіншілігі беріледі.
      Бұл үшін өндіріп алушыға жазбаша нысанда ұсыныс беріледі, ол жазбаша бас тартқан жағдайда сот орындаушысы Заңда және Осы Ережеде бірінші аукционды өткізген күннен бастап бір айдан кешіктірмей белгіленген ережелерді сақтай отырып, қайталама сауда-саттық тағайындайды.».
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                 Р. Түсіпбеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады