Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 314 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министртігінде 2011 жылы 19 қыркүйекте № 7191 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 279 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.08.16 № 279  Бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6797 тіркелген):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде:
      5-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдамау:";
      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесімен белгіленген (осы Критерийлердің 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарды қоспағанда) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесімен белгіленген талаптарды бұзу:";
      2) "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6798 тіркелген):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органы қызметін тексеру парағында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдамау.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесімен белгіленген жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесімен белгіленген талаптарды бұзу.".
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департамента
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                              Р. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады