Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7274 тіркелді

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Қ.Б.Бесбалаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министірінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 664 бұйрығымен     
бекітілген        

Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесі

      1. Нашақорлық.
      2. Психикалық бұзылу (ауру).
      3. Туберкулез.
      4. Лепра (Гансен ауруы).
      5. Жыныс жолдарымен арқылы берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – мерез, мерез лимфогранулемасы (донованоз), шанкроид.
      6. Жіті инфекциялық аурулар (жіті респираторлық вирустық инфекциясы (тыныс органдарының жіті вирустық инфекциясынан) және грипптан басқа).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады