"Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 714 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7279 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 167 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2013  № 167 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      «Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығына (Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 26 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5931, тіркелген. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жыл, № 5 жарияланған; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетені, 2010 жыл, қыркүйек № 9, 2011 жыл наурыз № 3, 398-құжат.) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е.Бейсен) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Қ.Б.Бесбалаев) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады