Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін, өтінім беретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 425 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 желтоқсанда № 7345 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 501 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.07.2019 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін, өтінім беретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрінің Орынбасары -


Қазақстан Республикасының Индустрия


және жаңа технологиялар министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан
Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
№ 425 бұйрығымен
бекітілген

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде
қызметті жүзеге асыру үшін, өтінім беретін жобаның
техникалық-экономикалық негіздемесіне
қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін, өтінім беретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (бұдан әрі - жобаның ТЭН) қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2 . Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін, өтінім беретін жобаның ТЭН-сі Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Талаптарға сәйкес әзірленеді.

2. АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру
үшін, өтінім беретін жобаның ТЭН-нің құрылымы

      3. АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін, өтінім беретін жобаның ТЭН-нің құрылымы мынандай бөлімдерді қамтиды:

      1) жоба кіріспесі;

      2) жоба мазмұны;

      3) жобаның жалпы сипаттамасы;

      4) маркетинг және өнімді (қызметті) өткізу;

      5) өндірістік жоспар;

      6) қаржылық-экономикалық бөлім;

      7) қосымша.

      4. "Кіріспе" бөлімінде бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, геогорафиялық, инженерлік-геологиялық және де АЭА жобасын іске асыруын болжамдайтын басқа да жағдайлар сипатталады.

      Сондай-ақ, аталған бөлімде АЭА аумағында жобаны құру арқылы бөлек және толық шешуге мүмкін болатын проблема көрсетіледі.

      5. "Жоба мазмұны" бөлімі қысқаша сипаттаманы, жобаның тиімділігін, қызметтің негізгі бағытын, ауқымын, оның ішінде қуаттылығын, жобаның құраушыларын, іс-қимыл жоспарын, қаржыландырудың болжанған көздерін және схемасын, сондай-ақ АЭА іске асыру кезеңін қамтиды.

      6. "Жобаның жалпы сипаттамасы" бөлімінде жоба және оның нарықтағы ахуалы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, негізгі қызмет түрлері, қолжеткізу, жобаның негізгі қаржылық көрсеткіштеріне сипаттама беру.

      Жобаның жалпы сипаттамасы келесі ақпаратты қамтиды:

      1) өнімдер, тауарлар, қызметтер атауы;

      2) өтінім беруші туралы жалпы мәлімет (қашан, қайда және кіммен құрылды, жұмыскерлер саны, жарғылық капиталы, негізгі және айналым қаражаты);

      3) қаржылық-экономикалық көрсеткіштері (жобаның көлемі);

      4) басқару құрылымы;

      5) кадр құрамы (басқару командасы және жетекші мамандарының біліктілігі және тәжірибе жұмысы, қызметкерлер және білімге талаптар);

      6) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;

      7) қызмет бағыты;

      8) экономика саласы және оның перспективасы;

      9) өңірді дамытуға үлесі, қоғамдық және әлеуметтік белсенділік (өңірдің экономикасындағы рөлі, өңірлік проблемаларды шешуге қатысуы, демеушілік және қайырымдылық, қоғамдық бірлестіктерде қатысуы);

      10) экспорт немесе импорттың орнын басу;

      11) өнімнің (қызметтің) бәсекеге қабілеттігі;

      12) дайындық дәрежесі (ғылыми-техникалық құжаттама, макет);

      13) патентке қабілеті және авторлық құқық;

      14) сапа сертификаты және лицензияның қажеттілігі және болуы;

      15) қауіпсіздік және экологиялық.

      7. "Маркетинг және өнімді (қызметті) өткізу" бөлімі АЭА аумағында жобаны іске асыру нәтижесінде шығарылатын (ұсынылатын) өнімнің (қызметтің) түріне қазіргі бар және перспективті (АЭА аумағында жобаны дамыту және жұмыс жасауы кезеңіне) сұраныс бағасы қамтылады.

      Бұл бөлімде маркетингтік талдауды (нарық мінездемесі, өнімді тұтынушы), маркетингтік жоспарды (өнімнің нарыққа жылжыту стратегиясы - баға саясаты, жарнама, сату жүйесі, сатудан кейінгі қызмет көрсету, сату көлемі), өндіруге болжанған тауралар және қызметтер сипаты, оларды стандарттарға сәйкес қолдану мүмкіншілігі, олардың қызығушылық тараптары, өнімді талдау.

      8. "Өндірістік жоспар" деген бөлім технологиялық процестің сипатын қамтиды және жобаны ұйымдастыруға жалпы тәсілді, шикізат пен материалдар көзі, технологиялық жабдық (атауы мен негізгі сипаттамалары) көрсетіледі, жобаның үй-жайларға, коммуникацияларға, энергия көздеріне қажеттіліктерін, еңбек ресурстарына қатысты талаптарды (персонал, еңбекақы төлеу және ынталандыру шарттары, еңбек жағдайлары, бөлімшелердің құрылымы мен құрамы, персоналды оқыту, жобаның даму шамасы бойынша персонал құрылымындағы болжамды өзгерістер) көрсетеді.

      9. "Қаржылық-экономикалық бөлім" балама схемалар мен қаржыландыру көздерін бағалаумен қатар қаржылық шығындар мен табыстарды бағалауды, жобалар құруды бағалауды, ақша қаражатының қозғалысы туралы, пайда мен шығындар туралы есепті, жалпы республика (өңір) экономикасының тұрғысынан АЭА аумағындағы жобаның тиімділік көрсеткіштерін қамтиды.

      Осы бөлім келесіні қамтиды:

      1) инфрақұрылым объектілерін салуға шығындарды қоса алғанда, жобаны құруға болжамды шығындарды бағалау;

      2) жалпы инвестициялық шығындардың есебі, қаржыландыру қажеттілігін бөлу;

      3) өндірістік шығындардың (пайдалану шығындарының) есебі;

      4) жобаның қаржылық талдауы, ол мыналарды:

      - қаржылық бағалаудың қарапайым тәсілдерінің көмегімен жүргізілетін, оның ішінде, өзін өзі ақтау мерзімін, пайданың қарапайым нормасын, берешекті жабу коэффициентін есептеу көмегімен жобаларды талдауды;

      - қаржыландырудың схемаларын, көздерін, шарттарын және олардың балама нұсқаларын талдауды;

      - тәуекелдің негізгі факторларын, болжалды сипаттамасын және өзгерістер ауқымын, тәуекелдерді төмендету жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын қаржылық тәуекелдерді бағалауды қамтиды.

      5) жобаның тәуекелдерін талдау;

      6) АЭА аумағында және оның аумағынан тыс жерде жобаның экономикалық аумағын талдау;

      7) экономикалық пайдалар мен шығындарды бағалау, оның ішінде, нәтижелерді, салдарларды және әсерлерді талдау, шығындарды және өлшенбейтін пайдаларды, өсімді пайдалар мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдаларын, тұрақты шығындарды, сыртқы әсерлерді, халықаралық әсерлерді, жанама пайдаларды талдау.

      10. АЭА аумағындағы жобаның "Қосымша" бөлімі нақтыланған түрде шығыс кестелерін, маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, аудиторлардың қорытындыларын, өнім үлгілерінің фотосуреттері, өзін-өзі ақтау кестелерін және жобаның ТЭН-інде келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын басқа материалдарды, құжаттарды қамтуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады