Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 желтоқсанда № 7355 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы 
Бiлiм және ғылым министрiнің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 514 бұйрығымен бекітілген

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың,) орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі

1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:

      Ескерту. 1-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 № 175 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 12.11.2014 № 460 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1) Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспораларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім ана тілім» атты халықаралық олимпиада;
      2) Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы;
      3) Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы;
      4) Математикадан Батыс Қытай олимпиадасы;
      5) Математикадан Балқан олимпиадасы;
      6) Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасы;
      7) Халықаралық математикалық олимпиада (IMO);
      8) Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасы (Саха Республикасы, Якутия);
      9) Оқушыларының химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы;
      10) Химия пәні бойынша халықаралық олимпиадасы (ICHO);
      11) Физикадан халықаралық олимпиада (IPHO);
      12) Физикадан Азия олимпиадасы (APHO);
      13) Биологиядан халықаралық олимпиадасы (IBO);
      14) Информатикадан халықаралық олимпиадасы (IOI);
      15) Физикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы;
      16) Географиядан халықаралық олимпиадасы;
      17) Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы;
      18) Халықаралық лингвистикалық олимпиадасы;
      19) Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2014 № 460 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20) Информатикадан Еуразиялық олимпиадасы (ШЫҰ елдері арасында);
      21) Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2014 № 460 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22) «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы.

2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):

      Ескерту. 2-бөлімің атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 № 175 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 2-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 № 175 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 12.11.2014 № 460 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2015 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1) Ғылым мен техника бойынша халықаралық жарыстар (Іntel ISEF);
      2) Компьютерлік жобалар бойынша халықаралық жарыстар «INFOMATRIX - ASIA»);
      3) Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2014 № 460 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4) Экология және биология бойынша жобалардың халықаралық жарыстары (INEPO);
      5) Ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жарыстар;
      6) Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2014 № 460 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7) Халықаралық ғылыми конкурстар («Математика және жобалау», «Жас ғалым», «MOSTRATEC», «I-SWEEP»);
      8) Жасөнертапқыштар халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасы;
      9) Ө. Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы;
      10) Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.07.2015 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы;
      11) Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2014 № 460 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Республикалық ғылыми жобалар конкурстары:

      Ескерту. 3-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2014 № 460 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары).

4. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар:

      Ескерту. 4-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2014 № 460 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) Қазақ тілі және әдебиеті;
      2) Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
      3) Орыс тілі және әдебиеті;
      4) Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
      5) Қазақстан тарихы; Дүниежүзі тарихы;
      6) Ағылшын тілі;
      7) Неміс тілі;
      8) Француз тілі;
      9) Математика;
      10) Информатика;
      11) Физика;
      12) Химия;
      13) Биология;
      14) География;
      15) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиада;
      17) «Әл-Фараби» республикалық олимпиадасы;
      18) Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада;

6. Орындаушылардың халықаралық конкурстары:

      1) Скрипкашылардың халықаралық конкурсы;
      2) Пианистердің халықаралық конкурсы;
      3) Халықтық, үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың халықаралық конкурсы;
      4) Орындаушылардың «Астана-Мерей» халықаралық конкурсы;
      5) FIDOF (ЮНЕСКО) ұйымында тіркелген орындаушылардың халықаралық конкурсы.
      6) Музыкалық колледждері орындаушыларының халықаралық конкурсы.

7. Орындаушылардың республикалық конкурстары:

      Ескерту. 7-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 № 175 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушыларының арасындағы Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық конкурсы;
      2) Музыкалық колледждері орындаушыларының республикалық конкурсы.

8. Халықаралық спорттық жарыстар:

      1) Жазғы Олимпиада ойындары;
      2) Қысқы Олимпиада ойындары;
      3) Жазғы Азия ойындары;
      4) Қысқы Азия ойындары;
      5) Жабық жайлардағы Азия ойындары;
      6) ТМД және Балтық елдері арасында жасөспірімдердің халықаралық спорттық ойындары;
      7) Спорт түрлері бойынша жасөспірімдер және жастар арасындағы Әлем (Азия) чемпионаты;
      8) Жастар арасындағы бүкіл әлемдік олимпиада ойындары.

9. Республикалық спорттық жарыстар:

      1) Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының жазғы Спартакиадасы;
      2) Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының қысқы Спартакиадасы;
      3) Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша (біріншіліктер) чемпионаттары.

10. «Үздік мамандығы бойынша» халықаралық кәсіби шеберлік конкурстары:

      1) Механизатор;
      2) Автомеханик;
      3) Дәнекерлеуші;
      4) Фермер;
      5) Әрлеуші;
      6) Монтажшы-құрылысшы;
      7) Тамақтандыру кәсіпорнының маманы;
      8) Аспазшы;
      9) Стропальщик;
      10) Ұста;
      11) Токарь;
      12) Шаштараз;
      13) Визажист;
      14) Тігінші;
      15) Мұнайшы;
      16) Байланысшы.

11. «Үздік мамандығы бойынша» республикалық кәсіби шеберлік конкурстары:

      1) Механизатор;
      2) Автомеханик;
      3) Дәнекерлеуші;
      4) Фермер;
      5) Әрлеуші;
      6) Монтажшы-құрылысшы;
      7) Тамақтандыру кәсіпорнының маманы;
      8) Аспазшы;
      9) Стропольщик;
      10) Ұста;
      11) Токарь;
      12) Шаштараз;
      13) Визажист;
      14) Тігінші;
      15) Мұнайшы;
      16) Байланысшы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады