Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды тіркеу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 33-20 шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 702 болып енгізілді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабын, "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және бұрын әскери тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін, ол үшін Заңның 17-бабына сәйкес "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері тіркеу жөнінде комиссиялар құрсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсін.
      2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) медициналық комиссияларды қызметкерлермен қамтамасыз етсін;
      2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құралдармен, жабдықпен қамтамасыз етсiн;
      3) тексеру актісін жасаумен комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
      4) Астана қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінде флюорографиядан өтуді, қан, несеп анализдерін тапсыруды, электрокардиограммаға түсіруді, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуысын емдеуді ұйымдастырсын;
      5) медициналық комиссиялардың жұмысын "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырсын.
      3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пунктіне келуін, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істері департаменті" мемлекеттік мекемесі:
      1) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
      2) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы кезінде тіркеудің барлық кезеңіне (2012 жылдың қаңтар-наурыз айлары) қызметкер бөлумен шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
      5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес 2012 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін 30 жұмыссыз азаматты Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жіберу арқылы төленетін қоғамдық жұмысты ұйымдастырсын.
      6. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
      7. Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары өздерінің ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, тіркеу учаскелеріне тіркеуге жататын азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметін сақтай отырып, жұмыстан босатсын.
      8. "Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды тіркеу туралы" Астана қаласы әкімінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 33-15 (Астана қаласының Әділет департаментімен 2010 жылғы 10 желтоқсанда № 657 болып тіркелген; 2011 жылғы 20 қаңтарда "Астана ақшамы" газетінің № 7 нөмірінде және 2010 жылғы 25 желтоқсанда "Вечерняя Астана" газетінің № 150 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      9. "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі осы шешімді Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және мемлекеттік тіркеуден кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылсын.
      10. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.
      11. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      2011 жылғы 23 қараша                       Б. Мұхамеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады