Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № С-44/11 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 наурызда № 1-1-141 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-113 болып 2009 жылдың 15 желтоқсанында тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 51 «Көкшетау» газетінде және 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 51 «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 1 тармақшасындағы 2 азат жолы алынып тасталсын;
      1 тармақтың 2 тармақшасының 2 азат жолы жаңа редакциясымен баяндалсын:
      «отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;
      1 тармақтың 2 тармақшасының 6 азат жолы жаңа редакциясымен баяндалсын:
      «отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын осы операция құнының мөлшерінде».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының 44-ші сессия
      төрайымы, Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Мұстафина

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

      «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы    Қ.Ахметов

      «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ө.Ыдырысов

      «Көкшетау қаласының экономика
      және бюджетті жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Омарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады