Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № А-2/48 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 ақпанда № 1-2-140 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № а-1/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 13.01.2020 № а-1/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.

      2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізінде 2 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.

      4. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі А. Никишов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасы жанындағы
"Степногорск орталық қалалық
ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Ж. Мусин
      Ақмола облысы білім басқармасының
"Степногорск қаласы, жетім балалар
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған № 4 балалар үйі"
мемлекеттік мекемесінің директоры
Р. Сахневич
      Ақмола облысы білім басқармасының
жанындағы "Степногорск қаласы,
облыстық "Жастар" жасөспірімдер үйі
(әлеуметтік бейімделу орталығы)"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры
Қ. Баяхметова
      Ақмола облысы білім басқармасының
жанындағы "Степногорск қаласы,
Тау-кен техникалық колледжі"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры
Т. Досанова


  Степногорск қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 18 ақпандағы
№ А-2/48 қаулысына 1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігінің 24.06.2013 № А-6/235 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ т/т

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Степногорск қаласы, № 3 шағын аудан, "Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Горняк" Орталық мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 84 ғимаратының жанындағы тақтасы

2.

Степногорск қаласы, № 1 шағын аудан, аурухана кешені, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Степногорск орталық қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы тақтасы

3.

Степногорск қаласы, № 9 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйі" мемлекеттік мекемесі № 4 ғимаратының жанындағы тақтасы

4.

Степногорск қаласы, № 6 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Степногорск қаласы, облыстық "Жастар" жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 13 ғимаратының жанындағы тақтасы

5.

Степногорск қаласы, № 1 шағын аудан, Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы

6.

Степногорск қаласы, № 4 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы

7.

Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Қабылденов көшесі, Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Ақсу кентінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 3 ғимаратының жанындағы тақтасы

8.

Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Нәбиев көшесі, "Ақсу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 26 ғимаратының жанындағы тақтасы

9.

Степногорск қаласы, Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, "Заводской кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 15 ғимаратының жанындағы тақтасы

10.

Степногорск қаласы, Заводской кенті, Мир көшесі, "Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі № 11а ғимаратының жанындағы тақтасы

11.

Степногорск қаласы, Шаңтөбе кенті, № 1 шағын аудан, "Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Шаңтөбе кенті "Горняк" Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 23 ғимаратының жанындағы тақтасы

12.

Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Мир көшесі, "Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Рауан" Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 492 ғимаратының жанындағы тақтасы

13.

Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Горький көшесі, Степногорск қаласының білім бөлімінің "Бестөбе кентінің № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы

14.

Степногорск қаласы, Қарабұлақ селосы, Ленин көшесі, "Қарабұлақ селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 24 ғимаратының жанындағы тақтасы

15.

Степногорск қаласы, Изобильное ауылы, Казахстанская көшесі, "Степногорск қаласының Изобильный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 9 ғимаратының жанындағы тақтасы

16.

Степногорск қаласы, Бөгенбай ауылдық округі, Степногорское ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, "Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 1 ғимаратының жанындағы тақтасы

17.

Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай Батыр көшесі, "Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі № 9 ғимаратының жанындағы тақтасы

  Степногорск қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 18 ақпандағы
№ А-2/48 қаулысына 2 қосымша

Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар шартты негізде

Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлардың мекен-жайы

1.

Степногорск қаласы, шағын аудан № 6, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Степногорск қаласы, облыстық "Жастар" жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 13 ғимаратының мәжіліс залы

2.

Степногорск қаласы, шағын аудан № 5, Степногорск қаласының білім бөлімінің "Абай Құнанбаев атындағы № 6 гимназия мектебі" мемлекеттік мекемесі № 1 ғимаратының мәжіліс залы

3.

Степногорск қаласы, шағын аудан № 2, Степногорск қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Мирас мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 1 ғимаратының мәжіліс залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады