Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 қазанда № 1-3-163 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № С 44-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.02.2015 № С 44-4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. «Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу Ережелерін бекіту туралы» Ақкөл аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 1 маусымдағы № С 19–3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-3-108 тіркелген, 2009 жылғы 26 маусымда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешімі күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихаты
      сессиясының төрайымы                       А.Мананбаева

      Ақкөл аудандық
      мәслихат хатшысы                           Ю.Ужакин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданының әкімі                      А.Үйсімбаев

Ақкөл аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ С 43-3 шешімімен  
БЕКІТІЛДІ     

Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесін бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес әзiрлендi және Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындаудың мөлшерiн және тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегi – жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ақкөл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалған шығыстарын;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Ескерту. Ереженің 1-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 27.03.2014 № С 32-3(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiндегі байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшін, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, шама шегiндегі жұмсалған шығыстарына төленген сомасының және отбасының осы мақсаттарға жұмсалған шығыстарының шектi ұйғарымды деңгейiнің арасындағы айырмасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiндегі байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшін, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, жұмсалған шығыстары үшін отбасының бір айдағы шектi ұйғарымды деңгейiнің шығыстары, отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне 10 пайыз көлемiнде белгiленедi.
      Тұрғын үйдi күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға жұмсалған төлемақысы белгiленген шамадан артық болғанда, жалпыға бiрдей негізде жүргізіледі.
      Ескерту. Ереженің 2-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 27.03.2014 № С 32-3(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
      Коммуналдық қызметтердің өтемақы мөлшерлері шектелген шамалардан артық емес мөлшерінде, газбен қамтамасыз еткені үшін бір адамға бір айда 4 килограммнан, бірақ отбасыны алғанда 16 килограммнан немесе 2 баллоннан артық емес, сумен қамтамасыз еткені үшін және канализацияға бір адамға бір айда 2,5 шаршы метрден артық емес, үй жанындағы жер телімін суару бір айда бір жүздікке 3 шаршы метрден артық емес, электр қуатымен қамтамасыз еткені үшін санауыштың көрсеткіштері бойынша, бірақ бір адамға бір айда 100 киловаттан және отбасыға 250 киловаттан артық емес мөлшерінде бекітілсін.
      Қатты отынды пайдаланғаны үшін өтемақы жергілікті жылуы бар үйлер үшін пайдалы ауданының 1 шаршы метріне 83 килограмм мөлшерінде (қазан айы мен сәуір айы аралығындағы жылу беру мерзіміне), бірақ отбасыға 5 тоннадан көп емес мөлшерінде бекітілсін. Көмір бағасын өткен тоқсанда жинақталған санақ мәліметтері бойынша орташа бағасымен алынсын.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде көмірді мерзімдік сатып алуына байланысты, қатты отын шығындарының өтемақы мөлшерлері шегінде жылу беру мерзімі кезеңінде өтініш берген тоқсанның үш айына жылына бір рет отынды сатып алу оқиғасын растайтын шоттарды (түбіртектерді) ұсыну кезінде ескеріледі.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде шығын мөлшері мен жергілікті жылу беру үшін қолданылатын басқа отын түрінің бағасын шығынның эквиваленттік мөлшеріне және көмірдің құнына есептелінсін.
      Ескерту. Ереженің 3-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.08.2014 № С 39-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүргізетін атқарушы органы болып «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      5. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға, бірақ құқығы пайда болғанынан бұрын емес тағайындалады.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрлігі (одан әрі – ХҚКО) немесе «электрондық үкіметтің веб-порталы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі өтінішті үй иесі, үйді жалға алушы (қосымша жалдаушылардың) белгіленген нысанда (не сенімхат бойынша оның өкілі) тапсырады.
      Қажетті құжаттардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 тараудың 9 тармағымен анықталады.
      Ескерту. Ереженің 6-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.08.2014 № С 39-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанға тоқсан сайын жүргізіледі, бірақ отбасының кірістері және коммуналдық қызметтері үшін шығындары өткен тоқсанға есептелінеді.
      Ескерту. Ереженің 7-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.08.2014 № С 39-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үйді тағайындалғаны немесе бас тартқандығы туралы шешім қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
      Тұрғын үй көмегінің тағайындалғаны (тағайындаудан бас тартқандығы) туралы хабарламаларды тұтынушының жеке өзі атқарушы органға келгенде немесе пошталық хабарлама арқылы беріліп, жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.04.23 № С4-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      9. Тұрғын үй көмегі еңбекке жарамды адам жұмыс істемесе, оқымаса және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмесе, мүгедектерді, күтімде қажеттілігі бар деп танылған мүгедектерге, үш жасқа дейінгі балалардың, сексен жастан асқан тұлғалардың күтімін іске асыратын тұлғаларды және 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 «Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, № 1 және № 2 тізімдері бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алушыларды отбасыларды (адамдарды) есептемегенде, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тағайындалады.
      Ескерту. Ереженің 9-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.08.2014 № С 39-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. Өтініш беруші толымсыз, сенімсіз мәліметтерді ұсынған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, құжаттардың дұрыс ресімделмеуі тұрғын үй көмегі мөлшерінің қате есептелуіне әкеп соғады. Заңсыз түрде алынған қаражат бюджетке өтелуге жатады. Өзгерістер болған жағдайда (отбасы құрамы, тұрғын үй меншігі нысаны) өтініш беруші өзгерістер болған күннен бастап өкілетті органды күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуі тиіс.
      Ескерту. Ереженің 10-тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.08.2014 № С 39-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда өтініш берушіден немесе тиісті органдардан оның тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығы бар екенін растайтын қосымша мәліметтер сұрайды.
      12. Тұрғын үй көмегі алушылардың «Казпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының Ақкөл аудандық пошта байланыс торабындағы есеп шотына есептеу жолымен ақшалай төлем түрінде бекітіледі.
      13. Тұрғын үй көмегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.

3. Отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібі

      14. Тұрғын үй көмегін алуға үміттенетін отбасының (азаматтың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген, тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасының негізінде, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсаны үшін тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге уәкілетті органмен есептелінеді.
      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.04.23 № С4-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям(гражданам) проживающим в Аккольском районе

Решение Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 26 сентября 2011 года № С 43-3. Зарегистрировано Управлением юстиции Аккольского района Акмолинской области 27 октября 2011 года № 1-3-163. Утратило силу решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 25 февраля 2015 года № С 44-4

      Сноска. Утратило силу решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2015 № С 44-4 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года, статьей 97 Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года, Аккольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе согласно приложению к настоящему решению.
      2. Признать утратившим силу решение Аккольского районного маслихата от 1 июня 2009 года № С 19–3 «Об утверждении Правил назначения и выплаты жилищной помощи» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-3-108, опубликовано 26 июня 2009 года в районных газетах «Ақкөл өмірі» и «Знамя Родины КZ»).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      Аккольского районного маслихата            А.Мананбаева

      Секретарь Аккольского
      районного маслихата                        Ю.Ужакин

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Аккольского района                    А.Уисимбаев

УТВЕРЖДЕНЫ       
решением сессии Аккольского
районного маслихата   
от 26 сентября 2011 года 
№ С 43–3       

ПРАВИЛА
предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям
(гражданам) проживающим в Аккольском районе

      Настоящие Правила предоставления жилищной помощи (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года, постановлением Правительства Республики Казахстан «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам» от 14 апреля 2009 года № 512, постановлением Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» от 30 декабря 2009 года № 2314 и определяют размер и порядок назначения жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аккольском районе.

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим на территории Аккольского района на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Сноска. Пункт 1 Правил - в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2014 № С 32-3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      2. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно допустимого уровня расходов семьи на эти цели.
      Доля предельно допустимого уровня расходов семьи в месяц на расходы на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливаются к совокупному доходу семьи в размере 10 процентов.
      Оплата содержания жилища и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы производится на общих основаниях.
      Сноска. Пункт 2 Правил - в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 27.03.2014 № С 32-3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      3. Площадь жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами принимается в размере 18 квадратных метров на человека, для одиноко проживающих граждан не более 30 квадратных метров.
      Компенсационные нормы возмещения коммунальных услуг устанавливаются исходя из фактического потребления, но не более предельных величин: газоснабжения в размере 4 килограммов на человека, но не более 16 килограммов или 2 баллонов на семью в месяц, водоснабжения и канализации не более 2,5 кубических метров в месяц на человека, полив приусадебного участка не более 3 кубических метров на сотку в месяц, электроснабжения по показаниям счетчика, но не более 100 киловатт на человека и 250 киловатт на семью в месяц.
      Компенсационные нормы на потребление твердого топлива для жилища с местным отоплением установить в размере 83 килограмма на 1 квадратный метр полезной площади (на отопительный сезон с октября по апрель месяцы), но не более 5 тонн на семью. Стоимость угля принимать усредненную по данным статистики, сложившуюся за предыдущий квартал.
      В связи с сезонностью закупки угля, расходы на твердое топливо в пределах компенсационных норм, при начислении жилищной помощи учитывать раз в год за три месяца в квартал обращения в период отопительного сезона при предоставлении счета (квитанции), подтверждающего факт приобретения топлива.
      Норму расхода и стоимость другого вида топлива, используемого для местного отопления при расчете жилищной помощи, считать эквивалентной норме расхода и стоимости угля.
      Сноска. Пункт 3 Правил - в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 21.08.2014 № С 39-5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      4. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Аккольского района».

2. Назначение и выплата жилищной помощи

      5. Жилищная помощь назначается на текущий квартал с месяца подачи заявления, но не ранее возникновения права.
      6. Заявление об оказании жилищной помощи по установленной форме подается собственником, нанимателем (поднанимателем) жилья (либо его представителем по доверенности) через республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Центр обслуживания населения» Комитета по контролю автоматизации государственных услуг и координации деятельности центров обслуживания населения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее ЦОН) или веб–портал «электронного правительства.
      Перечень необходимых документов определяется пунктом 9 раздела 2 стандарта государственной услуги «Назначение жилищной помощи», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185.
      Сноска. Пункт 6 Правил - в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 21.08.2014 № С 39-5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      7. Начисление жилищной помощи производится ежеквартально на текущий квартал, при этом доходы семьи и расходы за коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.
      Сноска. Пункт 7 Правил - в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 21.08.2014 № С 39-5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      8. По результатам рассмотрения представленных документов уполномоченный орган в течение десяти календарных  дней с момента сдачи документов  выносит решение о назначении или отказе в жилищной помощи, о чем письменно извещает заявителя.
      Выдача уведомления о назначении или отказе в  назначении  жилищной помощи осуществляется при обращении в уполномоченный орган посредством личного посещения потребителем уполномоченного органа, либо посредством почтового сообщения.
     Сноска. Пункт 8 в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 23.04.2012 № С 4-3 (вводится в действие со дня официального опубликования)
     9. Жилищная помощь назначается малообеспеченным семьям (гражданам), за исключением семей (граждан), трудоспособные члены которых, не работают, не учатся и не зарегистрированы как безработные в уполномоченном органе по вопросу занятости, за исключением инвалидов, лиц, осуществляющих уход за инвалидами, признанными нуждающимися в уходе, детьми в возрасте до трех лет, лицами старше восьмидесяти лет, а также получателей специального государственного пособия по спискам № 1 и № 2, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Списка № 1 производств, работ, профессий, должностей и показателей на подземных и открытых горных работах, на работах с особо вредными и особо тяжелыми условиями труда и Списка № 2 производств, работ, профессий, должностей и показателей на работах с вредными и тяжелыми условиями труда» от 19 декабря 1999 года № 1930.
     Сноска. Пункт 9 Правил - в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 21.08.2014 № С 39-5 (вводится в действие со дня официального опубликования)
     10. Жилищная помощь не назначается в случае предоставления заявителем неполных, недостоверных сведений, при наличии ошибок в оформлении документов, которые повлекут некорректный расчет размера жилищной помощи. Незаконно полученные средства подлежат возмещению в бюджет. В случае возникновения изменений (формы собственности жилья, состава семьи) заявитель информирует уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня возникновения изменений.
     Сноска. Пункт 10 Правил - в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 21.08.2014 № С 39-5 (вводится в действие со дня официального опубликования)
     11. Уполномоченный орган, в случае необходимости, запрашивает у заявителя или в соответствующих органах дополнительные сведения, подтверждающие его право на назначение жилищной помощи.
     12. Жилищная помощь устанавливается в виде денежных выплат путем зачисления на счета получателей в Аккольском районном узле почтовой связи Акмолинского областного филиала акционерного общества «Казпочта».
     13. Выплата жилищной помощи производится согласно плану финансирования.

3. Порядок исчисления совокупного дохода семьи

     14. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующего на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании  правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина, претендующего на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденных  приказом Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471.
      Сноска. Пункт 14 в редакции решения Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 23.04.2012 № С 4-3 (вводится в действие со дня официального опубликования)