Астрахан ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 4С-39-4 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 1-6-159 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы № 116 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 05.11.2014 № 116 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Астрахан аудандық бөлімшесінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде, өтініш берусіз мерекелік күндерге арналған біржолғы төлемдер:
      9 мамыр – Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он бес мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларға теңестірілген адамдарға бес мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға бес мың теңге мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына үш мың теңге мөлшерінде;
      Қарттар Күніне орай: зейнеткерлерге, ең төмен мөлшерде зейнетақы алатын, сондай-ақ ең төменгі зейнетақыдан да төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге екі мың теңге мөлшерінде;
      Мүгедектер Күніне:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үш мың теңге мөлшерінде.
      2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), болған жағдайдан кейін үш айдан кешіктірмей, отбасы кірісіне қарамастан, өтініші бойынша әлеуметтік көмек:
      өрт, су тасқыны, басқа да зілзала апаттың нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Астрахан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде біржолғы комиссияның шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
      ұзақ уақыт емделуде болатын туберкулезбен ауыратындарға жылына бір рет он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      онкологиялық стационар жағдайында арнайы емді өтетін онкологиялық аурулармен ауыратындарға, жылына бір рет, сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген азаматтарға біржолғы өтініші бойынша, комиссияның шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша, жәрдемақы өтініш иесінің өтінішін, жағдайын дәлдігін немесе оның әлеуметтік және материалдық жағдайын растайтын құжаттың және отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет негізінде;
      4) біржолғы көмек:
      селолық жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын, ақысын төлейтін студенттеріне жылына бір рет өтініші бойынша, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі мен оқу орнынан берілген анықтаманың негізінде, бір жылғы оқу құнының мөлшерінде оқуға төлеуіне;
      5) Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 100 пайыз көлемінде коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындарды өтеуге облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жеке тұлғаның (алушының) (өтініш берген сәтіне) жазбаша өтініші негізінде 2 тармағында ұсынылған құжаттардың негізінде алушының жеке шотына немесе қызметтерді тасымалдаушылардың шоттарына аудару бойынша көрсетіледі. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілген «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облысы филиалының Астрахан аудандық бөлімшесінің Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің бекітілген тізімі негізінде ай сайынғы төлемдер төленеді;
      Әлеуметтік көмек бірге тұратындарға да, олармен тіркелген отбасы мүшелеріне де көрсетіледі, оларға жәрдемақылар Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі пайдаланғанға дейін көрсетілетін болады;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу үшін ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Ақмола облысы филиалының Астрахан аудандық бөлімшесінің бекітілген тізімі негізінде.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.04.20 № 5С-4-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.10.08 № 5С-9-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.11.27 № 5С-10-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері коммуналдық қызметтердің шығындарын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
      4) үйдің (пәтердің) техникалық куәлігі;
      5)тұтынылған коммуналдық және байланыс қызметтеріне кәсіпорындарының берген есеп шоттары, анықтамалары, түбіртектері, тізімдемелері.
      6) алушының банк шотындағы салымын растайтын құжаттың көшірмесін шот нөмірін көрсете отырып тапсырады.
      Құжаттар салыстыру үшін көшірмеде және тұпнұсқада ұсынылады, кейін тұпнұсқалар өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.11.27 № 5С-10-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Астрахан аудандық мәслихатының «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-115 тіркелген, 2010 жылғы 5 ақпанда № 7 аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 шешімі;
      2) Астрахан аудандық маслихатының «Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-122 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда № 24 аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) 2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 4С-22-2 шешімі;
      3) Астрахан аудандық маслихатының «Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-140 тіркелген, 2010 жылғы 17 қыркүйекте № 40 аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) 2010 жылғы 29 шілдедегі № 4С-24-7 шешімі.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       К.Омарова

      Астрахан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В.Собеский

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады