Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 29 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 наурызда № 1-15-158 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 12.03.2015 № 37 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде
2 қосымшаға сәйкес үй-жайлар бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын ауданының әкімі                  С.Қасенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақмола облысы білім
      басқармасының
      Қорғалжын ауылы «Сұңқар»
      облыстық мамандандырылған
      № 5 лицей-интернаты мемлекеттік
      мекемесінің директоры                      Қ.О.Сүйіндіков

      Қазақстан Республикасының
      ауыл шаруашылығы министрлігі
      Орман және аңшылық шаруашылығы
      комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік
      табиғи қорық» мемлекеттік
      мекемесінің директоры                      М.С.Айтжанов

Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 29 қаулысына 1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

1

Қорғалжын ауылы, Хайритдин Болғанбаев көшесі 3, «Қорғалжын мектеп гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

2

Қорғалжын ауылы, Әліби Жангелдин көшесі 8, «Дружба орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

3

Өркендеу ауылы, «Амангелді орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

4

Арықты ауылы, «Арықты орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

5

Сабынды ауылы, «Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

6

Қорғалжын ауылы, Хайритдин Болғанбаев көшесі 7, Қорғалжын ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығына «Өрлеу» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының жанындағы стенді

7

Жантеке ауылы, «Қызылту орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді,

8

Кенбидайық ауылы, Талғат Бигельдинов көшесі 2, «Кенбидайық орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

9

Караегін ауылы, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді,

10

Коммуна ауылы, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің «Майшұқыр негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

11

Абай ауылы, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің «Абай бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

12

Қорғалжын ауылы, Әліби Жангелдин көшесі 4, Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауылы «Сұңқар» облыстық мамандандырылған № 5 лицей-интернаты мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

13

Қорғалжын ауылы, Мадин Рахимжан көшесі 20, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық» мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенді

Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 29 қаулысына 2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1

Қорғалжын ауылы, Хайритдин Болғанбаев көшесі 3,«Қорғалжын
мектеп гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің акті залы

2

Қорғалжын ауылы, Әліби Жангелдин көшесі 8, «Дружба орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

3

Өркендеу ауылы, «Амангелді орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

4

Арықты ауылы, «Арықты орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

5

Сабынды ауылы, «Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

6

Қорғалжын ауылы, Хайритдин Болғанбаев көшесі 7, Қорғалжын ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығына «Өрлеу» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорнының акті залы

7

Жантеке ауылы, «Қызылту орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

8

Кенбидайық ауылы, Талғат Бигельдинов көшесі 2,«Кенбидайық
орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

9

Караегін ауылы, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

10

Коммуна ауылы, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің «Майшұқыр негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

11

Абай ауылы, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің «Абай бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің акті залы

12

Қорғалжын ауылы, Әліби Жангелдин көшесі 4, Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауылы «Сұңқар» облыстық мамандандырылған № 5 лицей-интернаты мемлекеттік мекемесінің акті залы

13

Қорғалжын ауылы, Мадин Рахимжан көшесі 20, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық» мемлекеттік мекемесінің акті залы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады