Бурабай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке томағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № А-7/302 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 шілдеде № 1-19-202 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № А-7/344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012.06.26 № А-7/344 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бурабай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкiмi                         В.Балахонцев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады