Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 345 "Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 58 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 4 наурызда № 3360 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012.04.17 № 129 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 345 «Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3304 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 152, 153 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      5 тармақтағы «20 000 (жиырма мың) теңгені» деген сандар мен сөздер «26 000 (жиырма алты мың) теңгені» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Облыс әкімі                                Е.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады