Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 102 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 мамырда № 3-4-114 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 16.03.2015 № 73 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,3 пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2012.09.11 № 188 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен-жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету, ауылдық округ әкімдеріне жүктелсін.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 05.11.2014 № 243 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 05.11.2014 № 243 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі:

Б. Кемешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады